Кью-поп өкілдері бір-бірінің шынайы бет-пердесін ашуға әзір. Жуырда ғана жасақталған Есболат Беделханның мына гелзбенды, Зирузаның би қимылдарына қатысты шудың шетін шығарды. Жаңадан құрылған топтың көздегіні бақталастық па, әлде бәсеке ме?
Тұсауы таяуда кесілсе де, өзге өнерпаздардың құпиясын ашуға әрекеттенген «Ice blue» арулары хэйтерлермен айқасуға әзір. Олар кью-поптың жалауын жықпау үшін, барлық тосқауылдарға төтеп беруге тас-түйін дайын. Сондықтан болар, әріптестеріне әлдебіреулер жағымсыз жазба қалдырса, төбе шаштары тік тұрады.
Ice blue тобы:
- Біз көбінесе «менің ойымша», «бұл менің ойым» деген пікірлерді көреміз. Мысалға: «Менің ойымша Зирузаның мүлдем биге икемі жоқ!» Ол кісінің мүлдем бұл сахнада жүруге қажеті жоқ деп ойлаймын.
Бұл қазақ поп музыкасын дәріптеуді мақсат тұттқан қыз-жігіттерге бағытталған сыни-пікір. Бірақ Зирузаның шағын видеоға жұмсаған шығармашылық шығыны мен тынбай төккен терін бұл бұрымдылар жақсы білсе де, оны желідегілер түсініп жатқан жоқ.
Ice blue тобы:
- Сол бір үш минуттық видеоның ішінде қаншама еңбек жатқанын түсінсе, адамның ойы мүлдем басқа болар еді деп ойлаймын. Мысалы Зируза туралы менің ойым: Зирузаның билеу қабілеті өте жоғары. Маған ұнайды. Ол қаншама уақыт дайындық залында өткізеді. Тырысады, жұмыс істейді.
Кью-поп әлеміне келген тоқырау EQ -дегі екеуді де жиі толғандырады. Өйткені күн санап топтардың тарауы, аталмыш бағыттағы жобалар жұмысының жүрмеуі жиі орын алуда. Мәселен, кезінде «Блэк дайл» бойзбенді кәсібін тоқтатты, «Ньютон» тобының да қазіргі жағдайы мәз емес.
EQ тобы:
- Кью-поппын деп шығып жатқаны біз үшін қуантарлық нәрсе. Бұл нәрсе тек қана... Егер біз көп болсақ нарыққа ерте жетеміз.
Сондықтан бұл серілер күндіз-түні тер төгіп жүр. Тіпті ресейлік блогермен шығармашылық байланыс орнатып, таяуда халықаралық дуэттің тұсауын кеспекші.