«D4» тобының құрамы өзгерді

Сообщить о проблеме с эфиром

Еліміздің жұлдызды хореографы Дос Ұсабаев құрған қыздар тобында өзгеріс! Бірер ай бұрын дебьют алған «D4», бір мүшесімен қош айтысып үлгерді. Гелзбендтен Нұрсәуле есімді өнерпаздың кетуіне не түрткі болды?

Жыл басында құрылған D4 атышулы ұжымға бірден айналған еді. Қыздардың ашық-шашық образдары тыңдарманның талай сынына түсті. Әнші арулардың өздері болса, кереғар пікірлерге дайын болдық дейді.

D4 тобы:

- Біздің туыстарымыз, яғни біз группаға келетін кезде, бірден айттық ата-анамызға, осындай-осындай жанрда болады деп. Басында қарсы болды әрине. Бірақ кейін продюсермен қыздармен бәрін таныстырғаннан кейін, одан кейін өздерінің қолдауларын көрсетіп, бізді бәрі қолдады.

Төрт арудан тұратын ұжым, енді үшеу. 8 жылдық келісімшартқа қарамастан, топтан Нұрсәуле есімді өнерпаз кетуге мәжбүр болыпты. Басты себеп - оның денсаулығы болса керек.

D4 тобы:

- Төртінші қыз белгілі себептермен ауырып, топтан кетуге мәжбүр болды. Сол қазір біз үшеуміз. Біздің продюсер контрактқа қатты қарап қалған жоқ себебі, ол қыз ауырғаннан кейін басқа бізде амал шара болған жоқ.

D4-ның жұмысы жалғасуда. R&n жанрында өнер көрсететін гелзбенд кезекті бейнебаянына кіріспек. Репертуарларын алты әнге толықтырған қыздар, стильдеріне қатысты айтары мынадай:

D4 тобы:

- Біз үшін бірінші орында, ән де би де бәрі бар. Біздің просто стиліміз сондай. Қазақстанда сондай стиль болмағандықтан, бәрі соған назар аударады. Сол үшін, ал бірақ уақыт өте келе бәрі түсінеді деп ойлаймын.

Продюсерлықты қолға алған Дос Ұсабаевтың қыздарға қояр талабы қатаң. Сері ұжымның хореографиясын қойып, әннің сөзін де өзі жазады. Өнерпаз арулар өздерінің тректері арқылы тыңдарманға үңдеу жолдамақшы.

D4 тобы:

- Біздің менталитетіміз көбіне сырт келбетті сынаумен ғана шектеледі. Айтқым келгені, жан-дүниеге мүлдем қармайды. Біздің сол мәселелердің бәрін ән арқылы жеткізгіміз келеді.