Шетел жаңалықтары

Сообщить о проблеме с эфиром

Роберт Паттинсон да таяуда ғана су жаңа «Зиялы қоғам» картинасын ұсынған еді. Алайда, актер бүгінде тың туындысына емес, жеке өміріне алаңдаулы. «Сумерки» жұлдызын уайымға салған не?

Роберт Паттинсон жеке өмірін жұрт назарынан алшақ ұстауды жөн санайды. Актер тіпті сүйіктісін жасырып қалу үшін барын салған еді. Сәнбике Сьюки Уотерхауспен бір жылға жуық уақыт көңіл қосқан сері, көпшілік білген жағдайда қарым-қатынастың ұзаққа бармайтынын жеткізді. Голливуд жұлдызы болашақ отбасын да құпия ұстаймын деп отыр.

Пинк талай жыл жасырып келген сырымен бөлісті. Америкалық әнші 17 жасында түсік тастаған болып шықты. Өнер иесі, алғаш сәбиінен кейін, бірнеше рет бала көтере алмаған екен. Бүгінде екі бүлдіршінін тәрбиелеп отырған бикеш, 13 жылдан бері сүйіктісі Кэри Хартпен бір шаңырақ астында тұрып келеді. Пинк басынан өткен қиыншылықтарын, соңғы альбомына арқау еткен.

Канье Уэст жекеменшік шіркеуін ашпақ. Рэперге дәл осындай ой «Coachella» фестивалінен кейін туындаған екен. Музыкант аталмыш шараға бесінші мәрте өзінің концерттік бағдарламасын ұсынған. Сері кешке келген 50 мың халыққа өз атынан арнайы орталық ашып беруге уәде берді. Ким Кардашьянның жұбайы бұл жобадан барынша шабыт алған көрінеді.