Жаңа қызметке тағайындалған Мөлдір Әуелбекованың ендігі жоспары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Әуелбекованың мансабы тағы бір сатыға жоғарылады. Былтыр «Қазақконцерт» ұйымына жұмысқа орналасқан әнші, араға жыл салып аталмыш ұжымның шығармашылық қызметінің басшысы ретінде тағайындалған. Шоу-бизнес жұлдызы сахнаны жайлы орынға алмастыра ма?

Мөлдірдің бір басына бірнеше жұмыс жүктелген. Әуелбекова үйде – ұлына ана, сахнада – әнші, шоу-бизнесте – продюсер және таяуда бұл тізімді жаңа қызметі толықтырды.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

- Мемлекеттік қызметкер болып жақсы орынға тағайындалдым. Қатар алып жүруге тырысамын. Енді адамның ниетіне байланысты ғой. Шаршамайсың ба? - деп те көп сұрайды менен. Несін шаршаймыз былай қарап тұрсаң. Бойымызда күш-қуат бар кезде жасау керекпіз деп ойлаймын. Демаламыз қартайған кезде!

Жұмысқа білек сыбана кіріскен Мөлдір, басшылық міндетіндегі алдағы жоспарларын да құрып қойған.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

- Халықаралық деңгейлерде, әр түрлі фестивальдерге біздің әншілерді жіберу. Қазақстанның намысын қорғайтындай, жіберетіндей байқаулар өте көп. Сондай мүмкіндіктер өте көп екен. Соның барлығын алдағы уақытта жасау керек. Оның барлығын жасаймыз!

Айтпақшы, таяуда Әуелбекованың ұстазы Бағым Мұхитденова Өнер академиясында декан мәртебесін еншілесе, аталған ұжымда Сәкен Майғазиев сынды жаңа проректор да қызметін атқарып жүр.

Сәкен Майғазиев, «МузАрт» тобының әншісі:

-Маған сегіз сағат жұмыс берілсе, 24 сағат жұмыс жасап жатырмын-ау деп ойлаймын. Неге десеңіздер атқарылатын іс-шара көп. Алыс-жақын шет елдерден келетін қонақтар көп. Театрдағы іс-шаралар бар.

Сондай-ақ, Сатыбалды үшін де осы жыл жағымды жаңалықпен басталды. Азамат театр директоры атанды әрі биыл ұстаздыққа бет бұрмақшы. Мансабындағы тосын жайт, өнер иесінің келешекке құрған жоспарын өзгерткен.

Азамат Сатыбалды, актер:

- Мен енді өзімнің жоспарымда басқа шаруларым бар еді. Оның барлығын ысырып, басқа арнаға бұруға тура келді. Сол үшін биылғы жылдың жоспары мүлде өзгеріп кетті.

Биыл әкем театрды басқаруға келген Сәбит Әбдіхалықов та жұмысының жемісін көріп жүр. Күні кеше аталған қарашаңырақтың ұжымы «Менің сүйікті ағатайым» атты спектакльмен халықаралық фестивальде гран приді жеңіп алды.