«Том мен Джерри» көрермендерімен қайта қауышпақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі «Том мен Джерри» көрермендерімен қайта қауышпақ. Анимациялық туынды енді толықметрлі фильмге айналады. Мысық пен тышқанның хикаясында басты рөлге - Хлоя Морец таңдалған. Қызыққа толы лента не туралы болмақ?

Талай көрерменнің жүрегін жаулаған «Том мен Джерридің» хикаясы әр заманда сұранысқа ие болып қала бермек. Осылайша су жаңа лентаның авторлары, мысық пен тышқанның өзара дұпшандығын бір картинаға тоғыстырмақ.

«Warner Bros» компаниясы басшылық ететін лентаның режиссерлық тізгінін Тим Стори қолға алды. Ол «Фантастикалық төрттік» фильмі арқылы танылған еді. Тың туындының басты рөлінің бірі – Хлоя Морецке бұйырыпты. Сюжет желісі бойынша, бикештің үйіне тұрақтаған Джерри, жоспарлаған тойының шырқын бұзуға кіріседі. Ақырында жас актриса, тышқаннан құтылу үшін Томды асырап алмақшы болады.

«Том мен Джерриге» жаңа леп берген киногерлердің айтуынша, қызықтың бәрі алда. Себебі, үйді басына көтеретін мысық пен тышқанның ортақ жауы пайда болады деп күтілуде. Қас дұшпанға айналған жануарлар, енді бірге соғыса бастайды. Ал лентаның түсірілім жұмыстары келер жылы жүзеге асады