3 жыл бұрынғы альбомын қайта ұсынған Бейонсе, табысқа кенелуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге танымал R&B орындаушы Бейо́нсе болса, өзінің ескі альбомын қайта жарыққа шығарды. Әншінің 3 жыл бұрын ұсынған «Lemonade» жинағы, Биллборд үздіктері қатарынан табылды.

«Lemonade» - Бейонсенің шығармашылығындағы алтыншы үнтаспасы. 2016 жылы тыңдарманға жол тартқан жинақ тек «Tidal» платформасында ғана қолжетімді еді. Ол әншінің күйеуі Джей Зидің жеке музыкалық сервисі саналады.

Әйгілі Бейонсе дәл осы үнтапасын қолдау мақсатында «The Formation World Tour» концерттік турнесін өткізді.

Бейонсенің 12 тректен тұратын еңбегі, көпшілік арасында біраз дау тудырғаны да бар. Өнер иесі ән жинағы арқылы, қара нәсілділердің құқығын қорғау мақсатында тер төккен екен.

«Lemonade» алғаш шыққан сәтте, АҚШ-тың өзінде 653 мың таралыммен сатылған. Оның ішіндегі 6 бірдей хит «Биллборд» көшін бастап, Тейлор Свиттың 2010 жылы жасаған рекордын жаңартты.

Бүгінде барлық музыкалық платформаларда қолжетімді болған альбоммен қатар Джей Зидің жұбайы, су жаңа «Homecoming» жинағын да таяуда ұсынған еді. Енді әншінің екі бірдей альбомы әлем бойынша сатылымы жағынан ең үздік болып отыр.

«HBO» арнасы 3 жыл бұрын «Lemonade»-тің құрметіне бірнеше сағаттық деректі фильм таспалапты. Себебі бұл туындыға Джей Зидің продюсерлік орталығы толықтай атсалысқан.