Тейлор Свифт те, бұрынғы танымалдылығын қайтаруға ниетті! Әншінің есімі соңғы кездері жас орындаушылардың көлеңкесінде қалып жүргені жасырын емес. Мұны жақсы түсінген өнер иесі, су жаңа туындысымен тыңдарманын таңқалта білгендей.
«ME» әніне таспаланған бейнебаян, алғашқы сағатында-ақ миллион қаралым жинаса, видеоны бір тәуліктің ішінде 60 миллион адам тамашалап үлгерген. Осылайша, Тейлор нәзік жандылар арасында өзіндік рекорд орнатып отыр. Одан бөлек, өнер иесінің бұл трегі музыкалық платформаларда сатылымы ең жоғары синглға айналды.