Шетел жаңалықтары

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса Николь Кидман да, алғаш рет бала тәрбиесіне қатысты ашылып сұхбат берді. Жұлдыз экс-күйеуі Том Крузбен асырап алған ұл-қызымен мүлдем араласпайтын болып шықты. Ал Никольдің туған балаларымен қарым-қатынасы қалай?

«Vanity Fair» журналының қонағы болған Николь Кидман мүмкіндік болса Голливудтан алшақ кетуді армандайтынын жеткізді. Себебі актриса туған екі қызына уақыт бөле алмай жүрген көрінеді. Ал экс-жұбайы Том Крузбен асырап алған балаларымен Николь мүлдем көріспейді екен. Ол ұл-қызының таңдауы болса керек.

***

«Jonas Brothers» тобы 20 жылдан кейін альбом шығармақ. Таяуда қайта құрылған ұжым бесінші үнтаспаны әзірлеуде. «Happiness Begins» атауына ие болған жинақ 7-ші маусымда жарық көреді. 2013 жылы үзіліс алған үш ағайынды, осы уақытқа дейін жеке өмірлеріне көңіл бөлген екен. Енді ұжым тыңдармандарын қуантуды жиілетпек.

***

Шон Мендес 20 жасында бай жұлдыздардың қатарына кірді. Жас музыканттың бір жылдық табысы - 12 млн АҚШ долларын құраған. Небәрі 16-ға толған шағында ютубта кавер айтып танылған бозбала, бүгінде үш әнжинақ шығарып үлгерді. Шонның мұндай пайдаға кенелуіне, әлем бойынша өткізген соңғы концерттік турнесі себеп болып отыр.