Бүгінгінің балалары.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ілиясованың жиынында бас қосқан жұлдыздар, өзара бала тәрбиесіне қатысты тақырыпты талқыға алды. Жұлдыздардың айтуынша, бүгінгінің бүлдіршіндері мүлде бөлек. Ал, өнер иелерінің бала тәрбиісіндегі ұстанымдары қандай? Жауабын тілшіміз біліп көрді.

Жаңа ғасыр, яғни «Z» буын балаларын тәрбиелеп отырған жұлдызды ата-аналар түрлі қиындықтарға тап болып жатқанын жасырмайды. Мәселен, қызымен ортақ тіл табыса алмаған дизайнер Әсем Нұрсейітова, көз жасына жиі ерік беретін көрінеді.

Әсем Нұрсейітова, дизайнер:

- Мысалы, қазір қызым онда. Кейде бір-бірімізді түсінбейміз. Түсініспеушілік пайда болады. Сондай уақытта не істерімді білмей, көрсетпей оған жылап аламын.

Одан бөлек, танымал дизайнер өз ата-анасының тәрбие берудегі тәсілдері бүгінгінің бүлдіршініне мүлде сай келмейтінін алға тартуда.

Әсем Нұрсейітова, диазйнер:

- Әрине ата-анамыздың айтқан кеңесіне біз де құлақ саламыз. Мысалы өтірік айтпа дегендей. Сондай ақыл-кеңесті өзіміз де ата-ана болған соң пайдаланамыз. Бірақ кей кеңестермен келіспейміз. Қазір заманауи, балалар басқа ғой. Сондықтан, мүмкін оларға басқа кеңес беру керек кішкене.

Әсем сынды, Рано Умарованың да бала тәрбиесіне келгенде, өзіндік ұстанымы бар.

Рано Умарова, әнші:

-Қазір интернет пен түрлі кітаптар, одан қала берді айналамыздың барлығы психологтар. Сондықтан, бұрынғы замандағы аналарымызға қарағанда, ненің жақсы ненің жаман екенін жақсы білеміз.

Санжар Мәди үшін, балалық шақтан бастап, тұңғышын жеке тұлға ретінде сезіндіре білу өте маңызды.

Санжар Мәди, актер:

- Қызыммен жасты адамдардай сөлесемін. Ешқашан әкеңмін деп, өзімді жоғары қоймаймын. Тіпті, қызым 1 жарым жаста болғанда да, ешнәрсе түсінбесе де сөйлесуге тырыстатынмын.

«Бөбегіңді қалай тәрбиелесең де өз еркің. Бастысы ненің жаман ненің жақсы екенін бойына сіңіртіп өсіру» - деп, актер өз сөзін қорытындылады.