Джиджи Хадидтің миллиондаған фанаттары болса, сәнбикені құттықтауға асығуда. Танымал модель бүгін төл мерекесін тойламақ. Сән әлемінің жұлдызы атанған бикештің қаламақысы қанша?
Джиджи Хадидтің «Forbes» журналының «ең қымбат сәнбикелер» тізіміне кіруі тегін емес. Подиумдардың жұлдызы атанған бикештің бір жылдық табысы - 9,5 млн АҚШ долларын құраған.
«Victoria's Secret»-тің періштесіне айналған Джиджидің шын есімі - Джеле́на Ну́ра. Бикеш небәрі 2 жасынан бастап фотосессияларға түсе бастапты. Алайда, тек 17-ге толғанда сәнбикенің бағы жанған еді. «IMG Models»-пен келісімшартқа отырған Хадидті, дизайнер Том Фордтың өзі байқап қалған.
Джиджи бүгінде, Chanel, Dolce & Gabbana, Balmain және Versace сынды әлемдік брендттердің топтамаларын таныстырып келеді. Топ модель 2017 жылы Tommy Hilfiger-мен ортақ коллаборация ұсынды.
Хадидтер әулетінің мүшесі сән саласынан бөлек, түрлі жарнамалық роликтерде бой көрсетеді.Көбіне бикешті өзінен кіші сіңілісі, Белламен салыстыратындар жетерлік. Қос ару бәсекелестіктен бұрын, бір подимуды ортақтасып үйренген.
24 жасқа толған Джиджиді туған күнімен құттықтаған жандардың бірі дәл осы Белла. Сәнбике жақынына жүрек жарды лебізін, инстаграм парақшасы арқылы жеткізді.