Шетелде білімін жетілдіріп келген Диас Әзімжан болса, бүгінде жасөспірімдердің мәселелерін қолға алуда. Режиссер таяуда жарық көрген «Поколение Z» атты деректі фильміне жастардың проблемасын негіз етіп алған. Жас актердың аталмыш туындысы пайдаға асты ма?
Диас Әзімжан, актер, режиссер:
- Негізінен бұл кино ата-аналарға пайдалы болады деп ойлаймын мен өз басым. Бұл кино жасөспірімдер туралы болғанымен, енді ата-аналармен және өздерінің арасында болатын қарама-қайшылықтарды көрсетуге және соларды қалай шешу үшін бағыт көрсетер кино.
«Поколение Z» - үш жеткіншектің оқиғасына негізделген. Ата-аналарымен тіл табыса алмаған жастар, фильмде бастан кешкен оқиғасын баяндайды.
Диас Әзімжан, актер, режиссер:
- Кейбіреулер өздерін көреді бұл кинода, мен өзімді көремін кей-кезде бір кейіпкерлердің ішінде.
Бірер ай бұрын ұсынылған фильмге Диас, осымен сегізінші рет көрсетілім ұйымдастырып отыр. Бұл ата-аналардың сұранысы болса керек. Әзімжанның айтуынша, жастармен дұрыс қарым-қатынас орната білу маңызды.
Диас Әзімжан, актер, режиссер:
- Жасөспірімдермен сөйлескен кезде біз мына жасымызды, тәжірбиемізді алға шығарып тұрамыз. Менің сенен жасың үлкенмін, менің тәжірибем көбірек деп. Солай істеген кезде жалпы жасөспірімдер жабылып қалады. Бұл осы киноның жалпы месседж дейміз ғой жалпы айтар сөзі.
Деректі картинаға алғаш рет режиссерлық еткен Диас, түрлі проблеманы қозғауға әзір.
Диас Әзімжан, актер, режиссер:
- Ең басты проблема ақпараттың тым көптігі, яғни клиптық ойлау қабілеті дейміз ғой қазір. Қысқа-қысқа видеоларды көріп, концентрациямызды жоғалып аламыз.
«Поколение Z»-те басты рөлдердің бірін сомдаған Лаура Бергенова, анасының тілін алмағанын мойындайды. Бойжеткен өз уақытында жақынының кеңесіне құлақ аспағанына қапалы.
Лаура Бергенева, фильм кейіпкері:
- Барлығы менің анаммен қарым-қатынасымыздан басталды. Мен анамның қарсылығына қарамастан араласпауға болмайтын жандармен дос болдым. Және өзімнің соларға ұқсап кеткенімді түсіндім. Бірақ өте кеш болды.