Композитор Игорь Николаев, орыс әнін домбырамен орындаған қазақ азаматына алғысын білдірді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Жүректен шыққан әуен шартарапты шарласа, одан асқан бақыт бар ма? Бұл Игорь Николаевтың дәл қазіргі көңіл-күйі. Әйгілі композитордың әнін қара домбырамен шырқаған қазақ өнерпазы, орыс сазгеріне ерекше әсер сыйласа керек. Видеоны инста-парақшасына жүктеп, оқырмандарына жазба қалдырыпты...

Ұлттық аспаппен Николаевтың «Старая мельница» әніне ерекше кавер жасаған қазақтың әуесқой әншісі, композитордың көңілінен шыққан сыңайлы. Игорь бірден инстасына салып, тыңдармандарына қуанышты хабарды жеткізіпті. Мұндай күйді кезінде музарттықтар да бастан кешкен. Отандық ансамбльдің репертуарындағы туындыға грузин жігіттері өзгеше өң бергені әлі де ел есінде.

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

- «Үш қоңыр» деген әнді плагиатсыз біздің тілімізде, қазақтың тілінде грузиндер ме екен, тау халықтарының жігіттері төрт дауыста керемет орындап отырғанын естідік, өте риза болдық! +01:58:16 Жалғыз қырғыз-өзбектер емес, өзіміздің түркі тілдес халықтар ғана емес, кавказдықтардың да шырқап жатуы біз үшін жеңіс.

Жігіттердің де әндері жаһанды кезіп жүр. Аталмыш төрттіктің дәл осы туындысы америкалық радиоларда шет тілінде шырқалып жүрген көрінеді.

Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» тобының әншісі:

- Америкада қай штатта орындалғанын білмеймін. Бізге аудиожазбасының келгені бар. Жергілікті радиода ағылшынша нұсқасын біздің әрлеудің үстінен жанды дауыста орындап, ағылшынша нұсқасын айтқан. Сол бізге жеткен.

«Мелодия тек қана еліктірмейді, ол сөйлейді... Оның тілі өткір, от-жалынға толы. Қарапайым сөзге қарағанда, әлде қайда күштірек депті, бір сөзінде француздың әйгілі философы Жан-Жак Руссо!
Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» тобының әншісі:

- Музыкада тіл жоқ негізінде. Біз бәріміз тыңдаймыз ғой. Негізі адам ән тыңдаған кезде мына сөзі күшті екен деп тыңдамайды. Бірінші мелодиясын тыңдайды. Әуеннен кейін барып сөзіне мән береді.

Әуезді әуен құлаққа жақса болғаны! Мәселен, еліміздің әнұранын аспаптық орындауда шебер ойнаған қара нәсілді жігіттердің өнеріне, шет елде оқитын қазақ балалары жиі куә болып жүр.