Аңдатпа: Нұрлан Қоянбаевтың кинонарықтағы құйтырқы әрекеттері әшкереленді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қоянбаевтың құйтырқы әрекеттері әшкереленді. КВН түлегінің шынайы бет-пердесін ашқан – «Тамашаның» актеры. Кезінде кинопродюсердің «Бизнес по-казахски» картинасына кастинг арқылы өтіп, рөлге бекітілген Саттар Ерубаевты, Нұрланның командасы сан соқтырып кеткен. Уәдесінде тұрмаған түсірілім тобына, өнерпаз жігіттің өкпесі қара қазандай.

Алғашқыда дәл осы ауылдан келген аңғал Еркоштың образына Саттар Ерубаев таңдалған екен. Қоянбаевтың командасы мен актердың арасында келіссөздер жүргізіліп, жұмысқа кірісуге санаулы уақыт қалғанда, «Бизнес по-казахски» картинасының түсірілім тобы жауапсыздық танытқан. Өйткені, кастингтен өткен өнерпаздың орнына, өзге үміткерді өткізіп жіберген көрінеді.

Саттар Ерубаев, актер:

- Реніш болды. Нұрланға хабарласып, айтамын ба деген де ой болды. Нұреке, не болып қалды. Бұл жерде не шикілік болды мені алмауға. Себебін білгім келді. Әлі де сұрағым келеді, неге, не болды деп.

Саттар, өзін сан соқтырған Нұрланмен кездесудің сәті түспей жүргенін жеткізді. Бірақ, ойда-жоқта актерлық құрамды ауыстырған Қоянбаевтың құйтырқы әрекетіне өзіндік болжамы бар.

Саттар Ерубаев, актер:

- Бір миллион деп алдым мысалы үшін. Бірақ актер келіп тұр. Мүмкін Рамазан енді бастап келе жатқан актер, жас актер. Ол мысалы үшін 500 мың теңгеге барады, ойнайды. Мүмкін өздерінің бюджетіне эконом жасап қалған шығар.

Саттарға сәттсіздік әкелген жоба, кинопродюсер ретінде қалтасын қалыңдатып үлгерген. Осы уақытқа дейін 3 бөлімін жарыққа шығарған жоба авторлары, таяуда төртінші сериясын таспаға тартпақ екен.

Нұрлан Қоянбаев, актер, кинопродюсер:

- Жақын арада инстаграм арқылы халықтан сұрағымыз келіп жүр, қай елде түсірген қызықты болады деп. Қазір Еуропа, Индия, Кореямен келіссөздер болып жатыр.

Нұрланнан көңілі қалған Ерубаев, бастапқыда «Бауыржан-шоуда» өнер көрсетсе, кейін «Тамаша» ойын-сауық отауында және Асылбек Боранбайдың «ТТТ» театрында тер төккен. Жұмыс орнын жиі ауыстыратын жігіттің бір ұжымда тұрақтамауының өзіндік себеп бар көрінеді.

Саттар Ерубаев, актер:

- Әрине, тұрақсыздық болады. Неге десеңіз бір жерден сен наныңды жеп отырсың, мысалы «Тамаша» театрында заң түрде 70-80 мың, ең болмағанда 50 мың алып отырсаңыз, сіз қадай кетесіз? Осы жердің отымен кіріп, шоғымен шығасыз. Бұл жерде ешқандай беріліп жатқан айлық жоқ мысалы үшін.

Бүгінде Саттар шығармашылығын жеке дара шыңдауды көздеп жүр. Алматыда сәуір айының соңғы күні, Ерубаевтың «Кел, күлейік» атты әзіл кеші өтеді.