Кью-поп өкілдері шетелге аттанбақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ice blue»-дің өнердегі әріптестері жаппай шетелге аттануда. Талантты q-pop өкілдері, Ninety One сияқты, өзге мемлекеттерге танылуды көздеуде. Соның бірі - Malika Yes. Өнерпаз жуырда ғана Кореядан оралған еді. Әнші қыз, дәл осы сапары жайлы өзі айтып берсін.

Малика Yes Кореяға аттанған сәтін арнайы видеороликтерге жинақтаған еді. Әнші қыз, бұл елге тәжірибе жинау үшін бардым дейді. Өзінің шығарамашылығын осылайша шыңдаған ол, Сеул қаласының тұрғындарын өз өнерімен тәнті еткен.

Malika Yes, әнші:

- Мен енді үлкен тәжірибе алдым десем де болады. Себебі сол үшін бардым. Ия әрине Сеул қаласы өте қатты ұнады керемет. «1 million dance studio» үлкен тәжірибе, керемет хореграфтардан опыт да, на русском сказать. Бәрі керемет болды. Басқаша енді сөз жоқ тек қана эмоция.

Томирис Жанғазинова да шетелге аттануға құмартып жүр. Жас әнші өзге мемлекеттерге танылудан бұрын, шабыт алсам деген ниетте. Бала күнінен басқа ұлттың мәдениетімен танысуды қалайтын Томирис, сәті түскен уақытты күтіп жүрсе керек.

Томирис Жанғазинова, әнші:

- Шетелге шығу әрине, менің ойымша әр адамның ойында шетелге шығу бар. Және де қайда десеңіздер, менде өте үлкен пландар. Болашақта мен бүкіл жерді аралағым келеді.*Шынымды айтсам шабыт алу үшін.

EQ-лік жігіттер де, жуырда Беларусь еліне аттанған еді. Ресейлік блогермен бірігіп бейнебаян таспалаған мемберлер, бұл сапарды былтыр жоспарлаған екен. Алайда түрлі мәселелерге байланысты біраз уақыт сәті түспеген көрінеді.

EQ тобы:

- Біз шешкен жоқпыз, бірақ ол фючеринг болған соң, екі жақтың да келісімі керек, екі жақта қолы босамай ия бізде запись бар, съемкалар бар, ия о да бірдеме болып қалады. Сол жағдай бойынша.

EQ тобының шетелдік әріптестірмен орнатқан коллаборациясы, жақын арада жарық көреді.