Уилл Смит көрермендеріне кезекті образын ұсынды. Танымал актердың сомдауымен су жаңа «Гемини» фильмінің трейлері жарық көрген еді. Аталмыш жоба 20 жыл бойы кинонарыққа дайындалыпты.
«Гемини» - экс-киллердің өмірін баяндайтын фильм. Атыс шабысқа толы лентада, бұрынғы агенттің образын қолданып келген ұйымның сыры ашылмақ.
Олар жас тыңшыны дәл Уилл Смиттей етіп өсіреді. Ақырында Уилл өзінің атын-жамылып келген бозбаламен бетпе-бет жүздеседі.
Тың туындыны, АҚШ пен Қытай бірігіп таспалаған. Фантастикаға толы картинаны қолға алған - танымал режиссер Энг Ли.
Энг Ли - «Оскар» жүлдесінің үш дүркін жеңімпазы. «Үздік режиссер» атанған киногер дәл осы жобаны қолға алуға өзі атсалысқан екен.
Картинаның сюжет желісінде, кіші Уиллге басшылары экс-киллерді өлтіруге бұйрық бермек. Қос кейіпкердің бір-біріне деген қастығы, ашық соғысқа айналады.
«Геминиді» бүгінде, көрерменнің 98 пайызы асыға күтуде. Ал Уилл Смиттың жаңа образына, қазан айының 3-ші жұлдызынан бастап баға бере аласыздар.