Жігіттерден құралған тобын жанжалмен таратқан Есболат Беделхан қыздар тобын құрды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жігіттермен жасаған жобасы жемісін бермеген соң, Есболат Беделхан қыздар тобын құрыпты. Жығылса да күреске тоймайтын продюсер, бұл жолы бұрымдыларды уысында ұстай ала ма? Бұрынғы қателіктерге бой алдырмас үшін қайтпек керек?

АйВи, Тэо, Саша және Кира! Кіші Беделханның жетекшілігіндегі топта ән салатын арулар осы. Отандық шоу-бизнеске алғашқы қадамын жасаған жаңа жоба – «Ice blue» деп аталады.

«Ice blue» тобы :

- Ол негізінен махаббат, сүйіспеншілік, мейірімділік тазалық дегенді білдіреді толықтай. Барлық жұмысымызды осы ұстанымызға қарай бастаймыз әрдайым.

Бұл бұрымдылардың жұмысқа деген ынтасы ерекше. Тіпті, топ құру идеясын продюсерге ұсынған да өздері екен. Сауық-кештердің бірінде Есболатпен жолыққан қыздар, Беделханның қол астында қызмет етуге дайын екендерін жеткізген.

«Ice blue» тобы :

- Продюсер Есболат Беделханнан сұрады, ойыңызда қыздар тобын құру жоқ па деп. Ол кезде әзірге жоқ деген жауап алдық. Біраз уақыттан кейін екеуміз видео түсіре бастадық. Қайтадан Есболат ағаға жібердік сол видеоны.

Өнерге құштар жас өрендер дегеніне жетеді. Алайда, Беделханның біраз уақыт ойлануына алғашқы жобасындағы сәтсіздіктер себеп болған. Естеріңізге сала кетсек, 2017-ші жылы Есболат «Блэк дайл» бойзбендін құрып, соңында жігіттер мен жетекшісі жанжалдасып тынған еді.

Есболат Беделхан, продюсер:

- Сәтсіз кезеңдер болса, сол адам ол кезеңнен өте көп сабақ алады. Сондықтан жығылған адам үлкен затты түсінгендей. Менің қазіргі тәжірибем молдау деп ойлаймын. Қазіргі алға қойған мақсаттарыма мен берік жетемін. Сондықтан менде ешқандай қорқыныш үрей жоқ!

Аузы күйген үрлеп ішедінің күйін кешкен Есболатқа, жігіттермен жұмыс істегеннен гөрі, қыздармен қызметтес болу майдай жаққан сыңайлы.

Есболат Беделхан, продюсер:

- Қыздармен оңайырақ сияқты. Өйткені, қыздардың жауапкершіліктері көбірек ер балаларға қарағанда. Соны өзім қазір байқап отырмын. Жауапкершілік – ол бір шешуі сәт!

«Ice blue» - коммерциялық жоба! Бірақ Беделхан бастаған команда табысқа кенелу үшін, тынбай тер төгу керектігін жақсы біледі. Дәл қазір қыздар тобы шығармашылыққа қызу әзірлік жүргізіп жатыр.