Таяуда сазгерлерге деген сұраныс азайса, таң қалмаңыз! Бүгінде отандық орындаушылар нағыз әмбебеп әртіске айналған. Өздері әнді әрлейді, жазады, тіпті композиторлардың көмегіне зәру еместінін жасырмайды. Мәселен, Молданазардың әрекеті бұл сөзіміздің нақ дәлелі болмақ.
«Молданазар» тобының барлық туындысы - Ғалымжанның күлкісіз күндері мен ұйқысыз түндерінің жемісі. Аталмыш ұжым өзге өнерпаздардың еңбегін репертуарға қосуға құлықты емес. Бұл музыканттардың ұстанымы ма, әлде қаржыны үнемдеудің тәсілі ме?
Ғалымжан Молданазар, әнші:
- Ол ақшаны үнемдеген емес. Қалай айтсам болады, өзім жазғаннан кейін, өзіңнің әніңді өзің орындаған басқаша болады. +00:08:53 Сазгерлерден ұсыныс түсіп тұрады. Бірақ біз әрдайым балаларымен өзіміз жазамыз. Біздің әлі жарыққа шыға алмай жатқан әндеріміз күтіп тұр.
Әлидің де әнқоржынындағы шығармалардың жүз пайызға жуығы өзінің шабытынан шыққан. Оқаповтың ойынша, әмбебап әртіске айналған әріптестерінің барлығы – тыңдарман сұранысын қанағаттандырып жүрген жоқ!
Әли Оқапов, әнші:
- Менің ойымша ол заманның талабы сияқты. Яғни, сенің ешкімге ұқсамайтын өз қолтаңбаң болса, немесе қайталанбас бағытың болу үшін шыныменде өз ішіңнен шығару керексің деп ойлаймын. Бірақ өкінішке орай әркімнің қолынан келе бермейтін нәрсе.
Әуесқой сазгердің бұл әрекеті, кәсіби композиторларға қаншалықты қынжылтады?
Ринат Гайсин, композитор:
- Кейбір әншілер тойға жазады. Тойға жақсы болсын, билесін халық деп. Кейбір әншілер мүлдем басқаша жазады. Лирика, басқа болсын... жақсы әншілер бізде бар.
Жұлдызбен жұптасқалы Айқын да композиторлық қырын жиі байқатып жүр. Әншінің екінші әйелімен түскен соңғы қос клипі де Төлепбергеннің жүрегін жарып шыққан туындылар.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Өзім әні мен сөзін жазған әнім. Өзі түгелімен идеясын шығарған әнім. +Иә, сүйіктіме арналған.