Бодипозитивті қаһарман! «Марвель» көрермендерге тосын сый әзірлеуде!
Бодипозитивті сәнбикелер үшін таптырмас мүмкіндік. «Марвел» компаниясы кезекті суперқаһарман жайлы фильмде, дәл осы тақырыпты қозғамақ. Әйгілі киностудияның президенті - Кевин Файги алдағы жоспарлары мен тың жоба жайлы бөліскен еді.
Марвельдің осымен төртінші кезеңі көрермен үшін өзгеше болады деп күтілуде. Себебі алғаш рет азиялық кейіпкер – орыс тыңшысы Наташа Романоффтың хикаясы баяндалады. Сонымен қатар, аталмыш студия келер жылдан бастап артық салмақты бикештің оқиғасын су жаңа картинаға арқау етіп алмақ.
Кевин Файги, «Marvel Studios» президенті:
- Егер сіз комикстардағы қаһармандарды қарасаңыз, олар сан алуан. Тіпті бір-бірінен дене бітімімен, түрімен ерекшеленеді. Сондықтан, менің айтарым қандай да бір өзгеше адамның батыр атануға мүмкіндігі жетерлік.