Отандық жұлдыздар неліктен жазушы атағына таласып жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгін Баян Алагөзова халықаралық кітап күнін тойлап жатқан болуы керек. Продюсердің туындысы кезінде бестеллерге айналып, өзге танымалдардың кітап жазуына түрткі болған еді. Мәселен, енді Динара Сатжан мен Нұрлан Батыров та «жазушы» атанбақ. Алайда, жұлдыздардың бұл еңбегі қалай бағаланып жатыр?

2018 жылдың қорытындысы бойынша, журналист Дана Орманбаеваның «Мы не ругаем детей» кітабы сатылымы ең жоғары. Тәжірибелі ананың бала тәрбиесіндегі кеңесімен бөліскен еңбегі, 5 000-ға жуық данамен таралып үлгерген.

Бестеллерлер арасында Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» атты кітабы да бар.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

- Бір айдың ішінде, біз бес мың данамен шығарсақ, жартысына жуық өтті ғой деймін қателеспесем.

Қазақ аруларының сан түрлі тағдырын туындысына негіз еткен тележүргізуші, енді шет елдегі қаракөз қандастарымыз туралы қалам тартпақ.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

- Әр түрлі мемлекетте тұратын қазақ әйелдері бірі биік дәрежеде өзін көрсете алып жүр, енді бірінің жағдайы қиын. Жалпы сондай оқиғалардың басын қосып *кітап қылып шығаратын ойым бар.

«Кітапфест» жобасы 2018-ші жылы ең көп сатылған басылым ретінде

Баян Алагөзованың автобиографиясын таңдаған болатын. Алайда, еңбегінде ағынан ақтарылған продюсер өзін «жазушы» атаудан аулақ.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Өзімді жазушы деп естептемеймін. Және бұл туынды жоғарғы дәрежелі әдеби шығарма емес. Бар болғаны, халыққа шындық қызық болды.

Есесіне, Баянның бұл биографиясы блоггер Батыровқа да шабыт сыйласа керек. Әйгілі әзілкеш те сәтін салса туындысының тұсауын кесуге асық.

Нұрлан Батыров, режиссёр, актёр:

-Жуырда «Дневник безумной женщины» кітабын шығармақпыз. Бұл әр түрлі әйелдердің күлкілі әңгімелерінен құралған жинақ болады.

Динара Сатжанның болашақ кітабына да, нәзік жандылар негіз болған. Танымал тележүргізуші қазақстандық арулардың тәжірибесі арқылы пайдалы бизнес-кейс жазып шығармақ.

Динара Сәтжан, тележүргізуші, бизнес-вумен:

- Мен 10 кәсіпкер әйелдер туралы жазамын. Алматыда 5 әйелден сұхбат алдым. Оның ішінде Санди Бексырға, Лилия Рах, Аида Кауменова, Қарашаш Джузеева. Мен өзім де бармын.

Жұлдыздар қауымы қалам тербеуін тоқтатпақ емес. Ал, олардың еңбегін оқу не оқымау, таңдау - тек кітапсүйер қауымның өз еркінде болып қала бермек.