Дильназ Ахмадиева жанкүйерлеріне арнап, автограф-сессия ұйымдастырмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қолтаңба әлде сэлфи? Отандық жұлдыздар естеліктің қай түрі жақсы екенін анықтай алмай дал болды. Найнти уан суретке түсе алмаймыз деп қарсылық білдірсе, Дильназ Ахмадиева бойзбенд сынды автограф-сессия өткізетінін жеткізді. Сонымен, кім не дейді?

«Сүйікті әртісіңнен қолтаңба қалай алуға болады?», «Автограф алудың әдісі». Ғаламторда осы сарындағы нұсқаулықтар жетерлік. Ерек естелікке қол жеткізу жанкүйерге арман болғанымен, тосыннан түскен мұндай ұсыныс әншілерді тосылтып тастайтыны жасырын емес.

«Ninety one» тобы:

- Адамдарды кездестіретін болсақ, және де ол адамдарға бізден фото немесе видео керек болса біз тек қана қолтаңба қоя алатын жағдайдамыз. Ол бізге қиын да емес, бір жеріміз түсіп қалмайды. Ол біздің компанияның талаптары.

Оның үстіне көшеде кетіп бара жатқан әртістен автограф сұрау, өнер иесінің жеке өміріне қол сұғу екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. «Орда» сынды отандық эстраданың майталмандары да, кезінде мұндай жағдайға жиі тап болған. Алайда, бүгінде қолтаңбаға қарағанда, сэлфи сұрайтындар көп екен.

«Орда» тобы:

- Бұрында қол қоюға зар болса, бүгінде суретке түседі. Қол қоюдың орнына естелік бар сурет.

«Mysterions» тобы:

- Қазір селфи ғой, қазір суретке түседі. Сол естелік болып қалады, сол дұрыс та шығар. Өйткені, заман дамып кетті. Автограф ешкімге керек емес.

Бірақ бойзбендтердің бұл пікірімен Дильназ Ахмадиева келіспейді. Қолтаңбаны ерек дәстүрге балаған ол, Найнти уан сынды автограф-сессия ұйымдастырмақшы. Әнші жанкүйерлерімен жүздесудің бұл түрі, тыңдармандарын жақындата түсетініне сенімді.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

- Әртіс үшін мұндай шара ұйымдастыру маңызды. Жанкүйерлеріңмен тілдесесің, сөйлсесің дегендей. Сондықтан, осы екі айдың ішінде авторгаф-сессия ұйымдастыру ойымда бар.

Автограф пен сэлфи әртіс үшін қалыпты жағдай. Бастысы, оны орынды жерде сұрау маңызды дейді жұлдыздар.