Әділжан Омаров «Ринго» тобынан кете ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ринго» тобының әншісі Әділжан Омаров ән кешін өткізді. Алғаш рет сахнаны жалғыз бағындарған сері, өзінің атын танытпақ ниетте екен. Жеке шығармышылығын қолға алған музыкант, талай жыл еңбек еткен тобынан кете ме?

Әділжанның «Ринго» тобындағы өнерімен қатар, жеке әншілікті де қатар алып жүргеніне бірталай жыл болды. Алғаш сахнаға «SuperStar» жобасынан кейін қадам басқан Омаров, бойзбендке кірмес бұрын өз атын таныта алғанына сенімді.

Әділжан Омаров, «Ринго» тобының әншісі:

- 12 жылдан бері мен топта өнер көрсетемін. Алғашында менің жеке әнші ретінде бастағанымды бәрі біледі. Барлығына таныс «Суперстар» жобасында екінші орын алдым. Және соңғы 2 жылда Рингодан бөлек ән айтамын.

Бүгінде репертуарын 20 шақты ән мен бірнеше бейнебаянға толтырған Әділжан, тыңдармандарына арнап кеш өткізген еді. Музыкант көптен күткен концертті ұйымдастыру үшін ұзақ уақыт ойланған екен.

Осылайша табынушыларын бір қуантқан Омаров, «Ринго» тобын да ұмыт қалдырмақ емес. Сері талай жыл қызмет еткен ұжымды, жеке шығармашылығымен қатар ұстауға ниетті.

Әділжан Омаров, «Ринго» тобының әншісі:

- Қазір біз ізденіс үстіндеміз. Жаңа туындылар қарастырып жатырмыз. Тапқан сәтте жаңа бейнебаяндар болады. Әдеттегідей Ринго өз жұмысын жалғастырады.

Әділжанның алғашқы кешін қолдап келгендер саны жетерлік. Өмірде досқа айналған өнердегі әріптестері, концертке барынша атсалысқан еді

Дильназ Ахмадиева, әнші:

- Мені жәй ғана шақырып қана қоймай осындай кеште өнер көрсетуімді сұрады. Бүгін біз Әділжанды яғни Ринго тобының әншісін қолдап келдік. Бастысы оның ұйғыр музыкасын дәріптеуін, жастар дұрыс түсінсе екен деймін.

«Ринго» тобы:

- Енді біздің бауырымыздың бүгін Әділжан Омаровтың ең алғашқы жеке шығармашылық кеші болғандықтан енді қолдамауға біз үшін болмайтын нәрсе. Біз бауырымызға өте қуаныштымыз осындай кештің ұйымдастырып отырғанына, және осындай толы аншлаг күйінде өткені біз үшін өте үлкен қуаныш.

Кішігірім концерттің жоғары деңгейде өтуі, Әділжанға шабыт сыйлағыны анық. Әнші жігіт сәті түссе, толыққанды альбом жазуды қолға аламын деп отыр.