«Азия» тобының әншісі Ринат Баситов, кредиттен құтыла алмай жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде «Азиялық» Ринат Баситов, кредитке белшесінен батқанын айтады. Дәл қазір әнші жігіт, несиеден құтылудың түрлі тәсілдерін қарастырғанымен, тығырықтан шығар жолды таппай жүрсе керек. Әртісті әбігерге салған мәселенің таяуда шешілетін түрі бар ма?

«Опмай-опмай» атты трек тыңдармандарын тауып, аталмыш клиптің қаралымы көңіл қуантқанымен, жаңа әннің табысы жігіттердің тұрмыстық жағдайын жақсартпаған секілді. «Азия» мен «Бақай» әншілері әлі күнге дейін кредиттен құтыла алмай жүрсе керек. Ал, қос топтағы өнерпаздардың арасында қарызға белшесінен батқан – Ринат Баситов.

«Азия» & «Бақай»:

- Бәрімізде бар. Ең көбі менде. Содан кейін де осы ән шыққан шығар. Зарлап жүріп. Қазіргі таңда кредит болмаса, баспаналы бола алмайсың. Баға шарықтап тұр. Сондай бір жеңілдіктер үшін алған дүниеміз ғой. Бірақ енді төлеген кезде кішкене қиналып қаламыз. Берген кезде қиналасың да. Сол үшін іштегі оймен осындай бір дүние жасадық!

Жгіттер дәл қазір кезекті клиптің түсірілімінде жүр. «Опмайда» әріптестерінің әндерін әжуа қылса, бұл жолы да қозғаған тақырыптың жүгі тым ауыр.

«Азия» & «Бақай»:

- Бұл жолы қоғамдағы қасіретті ән арқылы жеткізуге тырыстық. Қазіргі таңда барлығының басында несие бар. Қазіргі таңдағы қасірет деп айтсақ болады. Әннің аты – «Атың өшкір кредит!» Опмайдан кейін барлығы «Азия» мен «Бақайдан» тағы да бір дуэт күтуде. Сол көпшіліктің сұрауы бойынша тағы бір бейнебаян түсіріп жатырмыз.

Бұл бейнебаянда әр әншіге төрт образ таңдалыпты. Мәселен, «Опмай» клипінде «Азиялық» Ербол кью-поперлердің кейпіне енсе, бұл жолы «Бақай» тобындағы Бектің жасына жетпей шашы ағарған.

«Азия» & «Бақай»:

- Жалпы, кредиті бар адамның шашы ағарып кеткен түрі ғой жалпы. Енді кредитін төлей алмай, шашы ағарып кеткен адамның образында ғой. «Азияның» балалары шашты ағартып жіберді десең, иә!

«Атың өшкір кредит» атты тың туындының тұсауын келер айдың басында кеспек.