Екі мәрте «Оскар» иегері – Эмма Томпсон әлемді құтқаруға кірісті! Әйгілі актриса, Лондондағы табиғатты қорғауға шақырған шерушілер арасынан табылды. Өнер иесінің айтуынша, бұл жиналыс тек бастамасы ғана болмақ.
Шерудің көшбасшысы атанған Эмма Томпсонның талабы бір. Оскар иегері биліктегілер мен әлем халқы қоршаған ортаны сақтауға көбірек көңіл бөлсе екен дейді. Наразылық білдіру шарасында, актрисаның іске білек сыбана кірісіп кеткені соншалық, журналистер қауымына мінберден түспестен сұхбат берді.
Эмма Томпсон, актриса:
- Бүгінгі күнді ғана емес, болашағымызды да ойлағынымыз жөн. Осы қарқынмен барлығын ластай берсек, келешегіміз бұлыңғыр болмақ.
Эмма Томсон бастаған бұл жиналысқа барлығы 300 адам қатысты. Мақсаты – британдық билікті атмосфераны ластайтын дүниелерден бас тартқызып, 2025 жылға дейін таза ауа деңгейін қайта қалыпқа келтірту.
Эмма Томпсон, актриса:
- Климаттың жақсаруына қатысты өз үлесімді қосқым келеді. Мәселен, мен ұшақпен ұшуды сиректем. Өте аз, тек жұмысым үшін ғана ұшамын. Көліктің бұл түрі, ауаны қатты ластайтыны бәрімізге белгілі.
Сондай-ақ актриса, табиғатты қорғауда күллі әріптестерін өзінен үлгі алуға шақырды.