Отандық жұлдыздарды ғаламтордағы хейтерлер сынауда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жұлдыздар хейтерлермен айқасып әлек. Өмірінің әр сәтімен инстаграмда бөлісіп отыратын танымалдардың қылығы, көпшілікке жақпай жүрген сыңайлы. Өнер иелерін желіде не үшін сынайды? Тілшіміз біліп көрген еді.

Жұлдыздардың инстаграмға жүктеген әрбір фотосы, фоллеверлердің бағасын алатыны анық. Алайда хейтерлердің заманында жағымсыз пікірлер азаймай тұр. Олардың басым бөлігі жұлдыздардың жеке өмірін сынайды.

Дәл осындай жандармен күресіп жүрген Арман мен Аша. Жұрт назарында жүрген жұптың бақытты сәттерін көре алмайтындар жетерлік екен.

Арман & Аша:

- Мысалыға біз, өзіміздің бақытты сәттерімізді салғымыз келеді да инстаграмға и так та проблемалар жетіп жатыр ғой. *Сүйтіп сондай нәрселерді салған кезде халық анандай коментарий жазады да* сен үйтіп қыдырғанша, одан да қайырылымдыққа ақша бермейсің ба дейді.

Жеке өміріне сын айтылатын жұптарың бірі Юсуповтор жанұясы. «Yuframe» командасынан бұрын көпшілік, кішкентай Алимның ғаламтордағы өмірін даттайтын көрінеді.

Арман & Карина, «Yuframe» командасының мүшелері:

- Біз Алимнің өмірін қиындатпаймыз. Оны қинап немесе жаттатып виделоар түсірген сәтіміз де болмаған. Тіпті жарнамаға түсуге ұсыныс түссе де, оның қиындығын саралап қараймыз.

Ал өздерін сарапшы санайтын табынушылар бүгінде жұлдыздардың ашық образдарына да түрлі сын жаудыруда. Шығармашылық адамының мұндай қылығын Мәдина Сәдуақасова түсіндіріп берген еді.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Еш нәрсе ашық-шашық емес. Бір ұят нәрсе емес. Ол жерде жай ғана эмоция. Мүмкін сол бір ыңғайсыздау болып көрінетін шығар көрерменге. Негізі ол суретте ештеңе жоқ. Әр әйел адамның ішінде неше түрлі образдар болады.

Қазақстан аруы атанған Айдай Исаева болса, жағымсыз пікірді қарша боратқан комментаторларға көңіл аудармау керек екенін айтады.

Айдай Исаева, сәнбике

- Ренжімеймін көңіліме қатты алатынмын. Қазір енді біреуге жағасың да біреуге жақпайсың сондықтан, жаққаны дұрыс жақпағаны да дұрыс. Енді барлығының көзі бірдей қарамайды.