«Time» басылымы «ең беделді жұлдыздар» тізімін шығарды

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық Тайм басылымы болса, Азамат пен Айгүлдей әрдайым ел талқысынан түспейтін, 2019-дағы ең беделді адамдар тізімін жариялады. Ариана Гранде, Бри Ларсон, Тейлор Свифт пен Леди Гага, тіпті корейлік кей-поп өкілдері аталмыш тізімнен табылған көрінеді.

«Time» тізімі әйгілі басылымның бастамасымен, 2004-тен бастап дәстүрлі түрде жарияланып келеді. Оған жыл барысында көзге түсіп, әлемнің өзгеруіне өз үлесін қосқан жандар жасақталған. Журнал беделділерді бірнеше аталым бойынша топтастырған.

Мәселен, «Икона» атануға лайықты деп – Леди Гага танылды. «Жұлдыз дүниге келді» картинасымен әнші ару биыл расымен жұлдызға айналғандай. Сондай-ақ, музыкант Тейлор Свифт, режиссер спайк Ли мен Египет аяқдопшысы Мохаммед Салах бұл тізімде.

Ықпалды әртістер көшін киногер Дуэйн Джонсон бастады. Одан өзге Фредди Меркьюри образы арқылы бағы жанған Рами Малек, актриса Эмилия Кларк пен әнші Ариана Гранде де аталмыш атаққа лайықты екен. Тайм тізімінен кей-поп өкілдері де табылды. Беделділер арасында корейлік BTS бойзбенді бар.