Дизайнер Аида Кәуменова жазушылық қырымен танылмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Баян Алагөзованың жазушылық қасиеті, құрбысы Аида Кәуменоваға жұғысты болған секілді. Танымал дизайнер бұдан былай қаламгерлік қырымен танылмақ. Сәнгер өз еңбегінде жұлдыздардың шынайы бет пердесін ашуға ниеттеніп отыр.

Отандық шоу-бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан Аиданың, авторлық туындысының да тұздығы танымалдар болмақ. Жұлдыздардың жұртқа бәймәлім бет-бейнесі мен сән әлеміндегі келбетін көрсету туралы ой, Кәуменованы бұрыннан бері мазалап жүрсе керек...

Аида Кәуменова, дизайнер:

- Енді әрбір жұлдыз туралы айтқың келеді, жазғың келеді... Мен отырып ойлаймын. Неге мен оның бәрін ақырындап блокнотқа жазуды бастамай жүрмін деп. Өйткені әрбір адам алтын ғой. Өзінің тарихы бар. Бес жылдың ішінде шығаратын шығармын.

Сәнгерге шабыт сыйлаған – Асанәлі Әшімов. Әйгілі актер өмірлік жолын суреттейтін су жаңа кітаптың тұсауын кесті. Халық әртісінің қаламынан туындаған еңбек – «Менің жанрым - күнделік» деп аталады.

Асанәлі Әшімов, КСРО Халық әртісі:

- Мен бұны студент кезімнен бастадым. Бірақ сол олай-былай жүрген кезде, біраз 10-15 дәптерім жоғалып кетті. Соған өкінемін осы күнге дейін. Мен өзімді жазушы деп есептемеймін. Болған оқиғаны жазамын. Бүгін қандай температура соны жазамын. Кімдермен жолықтым соны жазамын, кімге ренжіп қалдым соны жазамын. Сондықтан, ол бір жанр – күнделік!

Роза Рымбаева Әшімовтің күнделігіндегі үзік сырларды алғаш рет басылым беттерінен оқығанын айтады!

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

- Газеттерде күнделігі шығып тұратын. Мен ылғи қызығып оқитынмын. Енді міне кітабы қолыма тиді. Ол міндетті түрде бүгіннен қалмайтын кітап. Мен бүгін оқып тастаймын. Себебі мен кітап оқығанды жақсы көремін. Оның ішінде Асанәлі ағамыздың тілі қысқа. Бірақ нақтылы. Бір сөздің ішінде терең бір ой тұрады, көрінісі тұрады. Мен Асанәлі ағамыздың жазушылығын жақсы көремін. Жақсы таныспын!

Сондай-ақ, дәл осы күні «Асанәлі Әшімовтің өнер мен мәдениетті қолдау қоры да» өз жұмысын бастады!