Әйгілі футболшы Дэвид Бекхэм тоғыз тілде сөйлеп көпшілікті таңқалдырды! Ерек бейнероликте төбе көрсеткен ол, халықты «Маляри́я» дертімен бірге күресуге шақырған. Соған қарағанда, аяқдопшы қайырымдылыққа түбегейлі бет бұратын сыңайлы.
Лондон футбол құрамасының экс-капитанының тоғыз түрлі тілде, тоғыз адамның дауысымен үндеу тастауы бекер емес. Спортшы дәл осылай, өзгелерді «малярия» дертімен күресу петициясына өз дауысын қосуға шақырады.
Виктор Рипарбелли, түсірілім топ мүшесі:
-Жарнаманы жасауда голливудта қолданатын ең соңғы технологияларды қолдандық. Болашақта аталмыш дертті де жеңетін жақсы технологиялар пайда болады деп сенемін.
Аталмыш роликті таспалауда «видео синтез технологиясы» қолданылған. Ол арқылы Бэкхем өзге тілдерде еркін сөйлеп тұрғандай әсер туады. Алайда, бұл дауыстар кезінде «малярия» дертіне шалдығып, аман қалған адамдарға тиесілі.
Дэвид Бекхэм, футболшы:
-Осындай маңызды жобаның бір бөлшегіне айнала алғаныма қуаныштымын. Бұл дерт әлемдегі бүлдіршіндердің өлтірушісі дер едім.
Ресми мәлімдемелерге сай, жылына 435 000 адам аталмыш дерттен көз жұматын көрінеді. Оның 61 пайызы бүлдіршіндер. Мұндай жаға ұстатар деректерді алға тартқан Бэкхем, болашақта да қайырымдылыққа барын салатынын жеткізді.