Осы уақытқа дейін Әлімбекованың ісіне қатысты бірнеше сот отырысы өткенімен, мәселе шешімін таппаған еді. Бүгін тың деректерді топтастырып, екі жақтың пікірін тыңдаған судья, айыптыны анықтауға барын салды! Сонымен, атышулы Гауһардың тағдыры қай бағытқа бұрылды? Серікқазы Аязбаев сөйлейді!
Қос тарап қазылардың қарсы алдына жайғасқан сәтте, судья екі жақтың талап тілектерін қайта пысықтап, әділ шешімді шығару үшін, тағы бір тәуліктің керегін айтты. Алайда жәбірленуші Назарова, өткен сот отырысынан кейін Әлімбекованың адвокаты Шынқуатовтың айтқан мына ақпараты, шындыққа жанаспайды деп отыр.
Шынқуат Байжанов, Г. Әлімбекованың адвокаты (04.04.2019ж):
-Әншілер қауымы әуелі 7 миллион ұсынды, осы соттың арасында жүргенде 10 миллион апарып берді. Ал енді қараңыз, маған 40 мың доллар беріңдер, сосын 40 мың долларға Гауһар расписка жазып берсін дейді. Сонда 80 мың доллар сұрап отыр.
Бақыт Назарова, жәбірленуші:
- «Назарова 40 мың доллардың үстіне, 40 мың доллар сұрап отыр», деген жалған ақпарат беріп отыр. Ол кісі оны жақсы біледі. Ол кісі заңгер. Сот үкімімен толық танысып шыққан адам. + 00:05:16 Менің қойған талабым былай болды: 14 миллион теңгені қайтарыңыздар, мен талабым жоқ деп айтамын!
Экс-құрбысына наразылық танытқан Назарованың жалғыз ғана талабы осы. Яғни, Әлімбекова 14 миллион теңгені қайтарса жеткілікті. Осымен жұртты дүрліктерген дауды да тәмамдамақ.
Бақыт Назарова, жәбірленуші:
-Шаршадым. Өйткені, соттасу деген өркениетті жолы ғой дауды шешудің. Мына жақта өркениетті, мәдениетті жол болмай жатыр. Оған енді менің жүрегім сыр бере бастады. Мен темір емес, адаммын. Менің де сабырым бітіп, жүрек ауруына шалдыға бастадым!
Жәбірленуші жақтың да, айыпталған Әлімбекованың да өз ұстаныма мен шындығы бар. Әділ шешім – тек төрешіден.
Абзал Құспан, Г. Әлімбекованың адвокаты:
-Қалыптасып қалған қағида бар мына сотта. Қазақша айтқанда «қарға, қарғаның көзін шұқымайды» деген. Мен енді Алматы қалалық сотының төрағасы Әбдіқанов мырза, осы бір қағиданы бұзып-жарып, әділетті шешім шығарады деп қатты үміт етемін.
Келесі сот отырысы ертең, яғни сәуір айының 11-і күні өтеді.