Дженнифер Лопестің тойға дайындығы

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Дженнифер Лопес болса, үйлену тойының қамымен жүр. Голливуд жұлдызы сүйіктісі Алекс Родригеспен сөз байласқан еді. Джей Лоның көптен күткен дүбірлі тойының дайындығы қалай өтуде?

Бір ай бұрын ресми түрде ғашығынан ұсыныс алған Дженнифер Лопес, үйлену тойын дүркіретіп өткізуді жоспалап қойған еді. Алайда әнші тығыз жұмыс кестесі мен жуырда өтетін гастрольдік турнесінен бос уақыт таба алмай жүрген сыңайлы. 50 жылдық меретойын ән сапарда атап өтуді көздейтін Джей Ло, сүйіктісін біраз уақыт күттіремін деп отыр.

Диана патшайымына арналған телехикая өз жалғасын таппақ. Патша әулетінің ханшайымын сомдау - жас актриса Эмма Корринге бұйырған. 2016 жылдан бері «Netflix» кинокомапниясы ұсынып келген «Тәж» туындысы, «Алтын Глобус» марапататына ие болған еді. Ал, Эмма үшін бұл сериал шығармашылығындағы маңызды жобалардың бірі екен.

Ариане Гранде өз есімін бредке айналдырмақ. Әнші қыз косметика және киім үлгілерін жарыққа шығару арқылы жеке бизнесін қолға алды. Өнерпаздың топтамалары «Thank U, Next!» альбомының құрметіне арналады. Сонымен қатар, Гранде алғаш рет фан-дом жасақтап, оларды «Ariana Army» деп атады.