Кью-поп жанкүйерлері болса, үш күннен бері «Жүзім» тобының жаңа бейнебаянын қызу талқылауда! Қалың көпшілікке гелзбендтің киімдері ұнамай қалса керек. Тіпті, ашулы «Демім» фандомы топтың стилистерін ауыстыруды талап етуде!
«Құдай үшін стилистті өзгертіңдерші! аружанның лосинасын»,
«Стильдері алдағы уақытта өзгереді деп ойлаймын. Былай бәрі жақсы»
«Жүзімдіктерге» осы сарынды коментарилер толассыз түсуде! Қыздардың киім үлгілеріне көңілі толмаған жазбалардың көптігінен көз сүрінеді. Тіпті, бұл тақырыптың жауыр болғаны соншалық, Есболат Беделхан желіде оқиғаға қатысты әзіл фото жүктеген де еді.
Одан бөлек, жанкүйерлер қыздардың үстіндегі киімдерді бұрындары басқа әншілерден көргенін жарыса жазуда. Мәселен, MAD Z-дің үстіндегі жасыл жейде Ньютондық мембер кисе, Жүзімдіктерге мына костьюмдерін OZGE-ліктертермен ортақтасуға тура келген.
Еске салсақ, «Жүзімнің» образымен – Раушан Жиенбекова жұмыс істеген еді. Стилист күллі кью-поп өкілдерін киіндірумен танымал.
«Juzim» тобы:
-Образға келгенде, мүлдем шектеу жоқ деп ойладық. Мүлде шектеу жоқ. Өзіміз де осы түстердің бәрін өзіміз стилистімізбен ақылдасып, осындай түстерді шығардық деп айтуға болады.
«Найнти уанның» тұрақты стилистіне айналған Бота Бақытжанның кью-поп әртістердің киім үлгісіне қатысты өз айтары бар.
Бота Бақытжан, стилист:
- Ол әрине де Найнти уан, кейін осы кью-поп бағытында көбісі. Мунлайт, Зируза. Олар осы басқа әртістерге қарағанда, кью-попо жарындағы әртістер көбінесе трендке көп көңіл бөледі.
Өнер иесінің пікірінше, кью-поп өкілдері әрдайым «ең сәнді» әрі «заманауи» болуы тиіс.