Кинодағы образдар

Сообщить о проблеме с эфиром

Көпке «Рэкетир» фильмімен танылған Мұрат Бисембин, шығармашылығын жалғастыра бермек. Актердің кинодағы әрбір рөлі өзіне қатты әсер ететін көрінеді. Соңғы кездері комедияларда да бой көрсетіп жүрген ол, тіпті кейіпкерімнің образынан шыға алмай қаламын дейді.

Ақан Сатаевтың дәл осы криминалды драмасынан кейін Мұрат Бисембин, қатал образымен көрермен жадында жатталып қалды. Соңғы кездері комедия жанрына бет бұрған актер, кез-келген рөлді сәтті алып шыға алатынына бек сенімді.

Мұрат Бисембин, актер:

-Әр туындымды бөліп жарып айта алмаймын. Қандай да бір ролдің, кейіпкердің қалдырар бір ізі бар. Мен комедияға түссем көңілді болып жүремін, егер драма болса, әрине эмоциям да өзгереді.

Иісбек Әбілмәжінов Нұртас Адамбайдың «Лифт» атты психологиялық драмасында күйзеліске ұшырайтын жанды сомдайды. Бұл рөл үшін, біраз іздендім дейді актер.

Иісбек Әбілмәжінов, актер:

-Рөл қиын әрине, ол жылау керек, ол күлу керек, ол біресе добрый, біресе злой деген сияқты. Мамандық кәсіби деңгей деген бар. Сол рөлге ену үшін Станиславскийдің системасы бар, сондықтан ондай қатты перевоплощение болып содан шыға алмай қалдым дегенді ұқпаймын мен.

Кино мен театрды қатар алып жүрген актриса Лидия Кәденова, фильмнен бұрын, спектальдегі кейпінен шыға алмай қалған сәттерін еске алды.

Лидия Кәденова, актриса:

-Мысалы өзім жан-дүниеммен жаңағы ауыр, мына көңілімнің жарасын қозғап кәдімгідей шерімді тарқатып аламын, жылап еңіреп. Артынан босап қалған шелек сияқты көңіл күйде боласың, болмаса көпке дейін тоқтай алмай содан шыға алмай, жылай беретін де кезің болады. Ешкіммен сөйлеспей қоятын да кезің болады.

Сомдалған образдар түрлі эмоцияға бөлесе де, өнер иелері шығармашылықтан қол үзбек емес. Өйткені, бұл әртістің өз таңдауы.