«Кино по понятиям» картинасындағы актерлардың образы көпке ұнағандай. Аталмыш экшн-фантастика киногерлерінің айтуынша, наурыз айында табысы жағынан көш бастаған. Лентаның, мұндай жетістікке жетуінің құпиясы неде?
«Кино по понятиям» экшн бағытымен халықты таңқалдыра алғандай. Көрерменге, әсіресе Жақан Отарғалиевтың актерлық ойыны ұнаса керек. Ол лентада жеңілтек жанның образын сомдағанымен, фильмге аса үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті, көптің картинаны қалай қабылдайтынын білгісі келген ол, барлығымен бірге киноны тамашалауды әдетке айналдырыпты.
Жақан Отарғалиев, актер:
-Атырау қаласында 2 сеансқа бардым, халықпен бірге. Өйткені, инстаграмда жарнамалап, міне мен келдім кеттік бірге кино көрейік деп. Өзіме билет болмай қалып, лестницада отырып көргем ол киноны. Бәрі бірінші киноға қарап күледі, сосын маған қарайды.
Бүгінде экшн-комедия кинотеатр залдарын лық толтырғанымен, бас кейіпкерлер әуел баста қорқыныш сезімі болғанын жасырмайды.
Фархат Құлбаев, актер:
-Актерлық құрамда біз ғана дебютант болғандықтан, басында қобалжыдық. Әр сахнадан кейін режиссердың жанына келіп, барлығы жақсы екендігіне көз жеткізіп тұрдық. Алайда, көптің пікіріне қарағанда лента жаман шықпаған сияқты.
Полицей өкілі ретінде елге етене таныс Мейіржан Түребаевтың жаңа образы да халыққа жаққандай. Актердан қызықты комедияның жалғасын сұрайтындар көп.
Мейіржан Түребаев, актер:
-Қазір халық менен сұрап, директе жазады. Екінші бөлімі болады ма деп. Екінші бөлім болады деп ойлаймын, күшті болады деп. Оған біз күш саламыз сценарийге, жазамыз и вобще екі «Оскар» алатын шығармыз осы жылда.