Төреғали тілшілер сауалына неге тосылып қалып жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұрындары журналистермен жүздесе қалса, жанжал шығаратын Төреғали, қазір камера алдында үндемей құтылудың қамына кіріскен. «Ұлы дала баласы» дәл бұлай күрт өзгеруін, ұлды болуымен байланыстырады.

Атышулы әнші бойындағы өзгерісті жұбайы мен атұстарын перзентханадан шығарып алған күні байқатты. Төрештің болмысы қазір мүлдем басқа. Сұхбат сәтінде сыпайы әрі әріптестеріне құрмет көрсетуге құштар.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Сұхбат беріп жіберші. Жақсы бір сұхбат беріп жіберші!

Жас әке жанұясындағы жоспарлармен толықтай таныспаған. Әнсапарда жүрген өнерпаз, әуежайдан перзентханаға бірден жол тартқан. Сондықтан болар, мұрагерінің кіндік әке-шешесін сайлауға мұршасы болмаған.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Сол сұрақтың жауабын білмейді екенмін шынымды айтсам. Біздің үйде бастықтар бар. Әкем бар, шешем бар. Сол кісілер шешетін шығар ол нәрселерді.

Ұлды болған «ұлы дала баласы» камера алдында қобалжыды ма, әйтеуір келесі сауалды да жауапсыз қалдырды.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Ммм... білмедім. Білмедім, хабарарым жоқ екен!

Ал, сәбидің салмағы мен бойынан жұлдызды әке қаншалықты хабардар?

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Оны да білмеймін ғой)))

Төреғали бұл сұхбатында саясатқа да, әлеуметтік мәселелерге де бас қатырмайтынын аңғартты. Таяуда төртінші мәрте әке атаған ол, көп балалы отбасының отағасы атанғанынан да бейхабар.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Сондай ма екен? Мен оны білмейді екенмін!

Келесі сұрақтың да жауабы сәтті болған жоқ!

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Әне, сол сұрақты қоймау керек еді десең.

Камера алдында толқыған Төреш, бұдан былай өзгеретінін айтты. Өйткені, өмірінің жалғасы Төренұр дүниеге келді.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Өзгереді екен. Адам өзі өзгере береді екен ғой, жігіттер.