The Weeknd темір торға тоғытылуы мүмкін! Әншінің қай ісі жұртқа жақпады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Канадалық орындаушы The Weeknd-те темір тордың арғы жағына түсіп қалуы әбден мүмкін! Әншіні бір емес, қатарынан үш адам айыптап отыр. Сонымен, өнер иесі не бүлдірді?

Даудың басы The Weeknd-тің "A Lonely Night" трегінен басталып отыр. Аталмыш туынды 2016 жылы жарық көрген. Енді, міне араға 3 жыл салып, британдық ақындар әннен өздерінің сөздерін байқап қалған екен. Осылайша, Уильям Смит, Брайан Кловер мен Скотт Маккаллох канадалық орындаушыға жиендік жасады деп айып тағуда.

Плагиатты байқаған авторлар, The Weeknd – ті сотқа беріп үлгерген. «A Lonely Night» трегі «I Need to Love» туындысының көшірмесі екені анықталса, әйгілі әнші темір тордың ар жағына аттануы әбден мүмкін. Бүгінде бұл істі Лос-Анджелестік құзырлы органдар қарап жатыр.

The Weeknd-тің менеджері Джоэль Циммерман болса, бұл былыққа қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартқан. Еске салсақ, канадалық хит орындаушы, бұған дейін «Starboy» трегін де ұрлады деп айыпталған еді.