Селин Дион әлемдік турнеге аттанбақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі әнші Селин Дион болса, қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі Лос-Анджелесте өткен ән кешінде, жақында әлемдік турнеге аттанатынын мәлімдеді. Бұл хабарды Селиннің жанкүйерлері тікелей эфир арқылы да естіген.

«Титаник» фильмінің саундтрегі болған дәл осы ән Селин Дионның есімін күллі әлемге танытты. 40 жылға жуық уақыт сахнада жүрген өнер иесі, тыңдармандарын әлі күнге дейін қуантып келеді.

Поп-әнші, әрі композитор күні кеше Лос-Анджелес қаласында концерт өткізді. «Facebook Live» желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілген кеште, Селин жанкүйерлерімен біраз тілдескен еді.

Селин Дион, әнші:

-Өздеріңіз білетіндей мен «Caesars Palace»-та 16 жыл ән салдым. Менің ойымша түсініспеушілік туындағандай, себебі мен ол жерде екі ай ғана болуым керек еді. Енді міне қанша жыл зымырап өткенін қолдаудың арқасында байқамай қалыппын.

Лық толы зал мен 11 мың онлайн көрермен тамашалаған кеште, Селин шығармашылық жаңалықтарымен де бөлісті. «Грэмми» марапатының бес дүркін жеңімпазы, 10 жылдық үзілістен кейін алғаш рет әлемдік турнеге аттанбақ.

Селин Дион, әнші:

-Уақыты келген сияқты. Бүгін сәтін салып ән сапарға аттанатынымды айтқым келген еді. Мені әрбір елдегі тыңдармандарым күтіп жүр. Әсіресе Солтүстік Америка, барлығы менің келетініме сенімді.

Селиннің бұл сапары су жаңа альбомын жарнамалау мақсатында өтеді. Қараша айына жоспарланған «Courage» атты әнжинақ, өнер иесінің бақилық болған күйеуі - Рене Анжелилдің құрметіне арналған екен. Ал Дион, Канададан бастау алатын турнесіне қыркүйек айында аттанады.