Кешью арқылы танылды! Атышулы қыздар ұжымымен дуэт жазған Баллер, осы іспеттес сынды естісе, төбе шашы тік тұрады. Баянның қыздарымен шығармашылық байланыс орнатқан отандық рэпер, бұдан былай эстрада өкілдерімен құрған тандемін тоқтатпақшы.
Баллер мен Кешьюдің біріккен жұмысының сәтті шыққанын ешкім жоққа шығармайды. Отандық шоу-бизнесте ән мәтініне «хайп» терминін тұңғыш қолданған да Баянның қыздары мен дәл осы рэпер. Тіпті, танымал трек талай музыкалық марапаттарда да топ жарды. Бірақ өнерпаз жігіттің көкейінде қыжыл бар. Хип-хопқа он жылдан астам тек төккен орындаушыны, көпшіліктің Кешью арқылы ғана танитыны қынжылтады.
Baller, рэп орындаушы:
-Он екі жыл қазақ рэпін орындап келемін мен. Және де мен өз-өзімді мақтағым да келмейді. Халық айтып кетер. Білмеймін брат. Бірақ мен «Кешью» тобымен танылдым деп ойламаймын ешқашанда.
Бірақ, шоу-бизнестің жас буыны бұл жігіттің танымалдылығы «Кешьюдің» клипінен кейін артты деп топшылайды.
Renzo тобы:
-«Кешью» тобымен бірге трек жазылған. Сол арқылы толықтай танылып кетті де Баллер. Оған дейін де білген шығар. Бірақ енді оған күшті түркі болды да оған.
Өзге өнерпаздардан бөлек, «Кешьюдің» жаңа құрамы да Баллердің барын бұрын-соңды білмеген.
KeshYOU тобы:
-Мен «Кешьюден» кейін білдім ол кісіні... Рэптерін тыңдамағанмын. Осы Кешьюден кейін біраз туындаларын тыңдап көрдім.
Дәл осы іспеттес пікірлер рэпердің хип-хоп бағытында шыңдалуына зор үлесін қоспақ. Бұдан былай Баллер, Баянның қыздарымен де, отандық эстраданың өзге өкілдерімен де тандемін тоқтатпақ.
Baller, рэп орындаушы:
-Эстрадамен болмайды деп ойлаймын!