Мақпал Жұмабайдың мақсаты қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазаққа жақын ақындық пен қанына жат рок жанры тоғыса алады! Мұны Мақпал Жұмабай сахнада тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Ақынның өткізген кезекті кеші «Ұйқысыздық» деп аталады.

Өрнекті өлеңдерін, әуезді әннің сүйемелдеуімен орындап жүрген Мақпал Жұмабай, өнердің бұл түрін жеке брендіне айналдыра алғандай. Ақынның кезекті кешіне мақамды жырларын тыңдауға келгендердің қарасы мол болды.

Мақпал Жұмабай, ақын:

-Жалпы, менің кештерімнің барлығы, белгілі бір концепциямен жасалады. Осы жолы мен кешімді ұйқысыздық деп атадым. Бұл кеште өзге кештерде орындалмаған шығармалар бар.

Шоу-бизнестің тасы өрге домалап тұрған заманда, жұртты өнері арқылы әдебиетке бір қадам жақын еткісі келген ақынның, мақсатты орындалған сыңайлы. Сұранысқа сай, Мақпал Жұмабайдың тың туындылары музыкалық платфомаларға жүктелген.

Мақпал Жұмабай, ақын:

-Барлық платфоромаларда бар. Гугл плэй, айтюнс, спотифиде. Барлық альбом бар ол жерде, екі альбомды да орналастырдық. Тіпті, мына жанды дауыстағы концерттерді де сонда орналастырып жатырмыз.

Ақындық пен музыканы тоғыстырған өнер иесінің ендігі мақсаты – авторлық орындаушыларға арналған алаңқай құру. Онда Ғалымжан Молданазар бастаған қазақ инди-поп бағытының күллі өкілдері, бір шаңырақ астына жиналмақ.

Мақпал Жұмабай, ақын:

-Менің продюсерлігіммен жаңа жоба жарық көреді. Жаңғырық деген. Бұл авторлық музыка. Авторлық бағытта жұмыс істейтін қазақтың жаңа жұлдыздарын, осыған дейін болған жұлдыздардың барлығын қамтыған жанды дауыстағы үлкен жоба жарық көреді.