Сырт көзге байсалды көрінетін Ернар Айдар, бұл жолы мінезділігін байқатқан. Әлдекімдер әншінің мазасын алып, қытығына тиген екен. Хитменнің ашуын тудырған жайт – дәл сұхбат барысында болды...
Ернар жұртқа беймәлім мінезін, таяуда өткен концертінің соңында көрсетті. Жанды дауыстағы алғашқы кешін абыроймен атқарған әншінің камера алдына сенімді жайғасқаны сол еді, күтпеген кедергілерге тап болды.
Ернар Айдар, әнші:
-Иә, қазір! Ой, қоя тұр деші. Айттың ба?
Бұл кеште халықтың ерекше қошеметіне бөленген Ернар, БАҚ өкілдеріне ағынан жарылып, бар сырын ақтаруға әзір-ақ. Бірақ, сұхбаттың сәті мен сәні келмей тұрғаны... Айдардың ашуға беріліп, айхайламасына амалы қалмады!
Ернар Айдар, әнші:
-Қазір кешіріңіздер! Айтшы бәріне тыныш тұра тұрсын, тыныш тұра тұрсын... Адам сұхбат алып жатыр мына жақта! Жүрекпен сұхбат беріп жатқан кезде, адамды бөле берді де.
Алагөзова «Алау» тобын таратқалы, бойзбендтің экс-әншілері де ел назарынан жырақта жүр. Сондықтан болар, тілшілермен жолыға қалса жатырқайтын әдет шығарыпты.
Әсет Арыстанбек, әнші:
-Ааааа
Ержан Мұқатаев, әнші, тележүргізуші:
-Ооо, привет! Ладно, давайте мы в кадре обнимемся!
Айқын жұбайына ән арнап, балаларының анасын клипке түсіруде алдына жан салмағанымен, журналистердің Жұлдыз жайлы сауалы әншіні әбден мезі қылған секілді.
Айқын Төлепберген, әнші:
-Басқа тақырып айтшы. Болды қойшы, уже шаршадым!