Асыл Айдарқызын алдаған кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Осыдан дәл екі ай бұрын Ерболат Беделханның жары бопсалаудың құрбаны атандым деп, жан айқайын жеткізген еді. Тіпті Асыл Айдарқызы, өзіне талаптарын орындатпақ болған адамды сотқа беретінін де айтқан. Аталмыш іс бүгінде өз шешімін тапты ма?

Асыл Айдарқызы бұған дейін өзінің қоластындағы қызметкері алдап кеткенін айтқан еді. «Жүзім» тобының продюсерін аталмыш ұжымның жеке парақшасына жауапты адам бопсалаған.

Асыл Айдарқызы, продюсер:

-Осыдан үш ай бұрын біздің ресми парақшаларымызды паролін өзгертіп бұрында бізбен бірге жұмыс істеген адам, бұл аккаунттерді өзіне алып алған болатын. Қазір енді ешқандай келісімге келмей жатыр. Енді, сотта ғана кездесеміз ол кісімен.

Істі құзырлы органның қолына тапсырған Асыл, бүгінде сот жауабын күтуде. Айдарқызының айтуынша, қарсы тарапты заң алдындағы жауапкершіліктен гөрі, қаржы мәселесі көбірек қызықтырады екен.

Асыл Айдарқызы, продюсер:

-Ақша талап етеді. Мен білмеймін, өзінің қызық көзқарасы бар бүкіл оқиғаға. Бірақ, бір Алматыда бір Қазақстанда тұрамыз. Әлі де сабырға келеді деген ойдамын ол кісінің.

Ісі насырған шапқан продюсер, әріптестерін өзі жасаған қателікті жасамауға шықарды. Өнер өкілдерінің бармақ тістеп қалмауы үшін, оның айтар кеңесі мынадай:

Асыл Айдарқызы, продюсер:

-Сақ болыңыздар осындайлардан. Жұмыс істеген адамыңызды бірінші тексертіп алыңыздар. Және де адамды сырттай ғана білмей, бірнеше уақыт жұмыс істеп, содан кейін ғана сенімділік арту керек сол адамдарға.