Джон Сноудың табысы қанша?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Тақтар ойыны» телехикаясының соңғы маусымын көрермен тағатсыздана тосуда. Әйгілі туындыда басты рөлді сомдайтын актерлардың әрқайсысы, жарты миллион доллардай қаламақы алатын көрінеді. Ал кейіпкерлерді алдағы уақытта қандай тағдыр күтіп тұр?

Америкалық танымал жазушы әрі продюсер - Джордж Мартиннің киялынан туған фэнтези, күллі әлем бойынша жанкүйер жинай алды. 2011 жылдан бері «HBO» арнасы арқылы көрерменге жол тартқан телехикаяның, ақырғы бөлімінің жарыққа шығуына санаулы күндер қалды.

Соңғы сегізінші маусым - басты рөлдегі актерлар үшін олжалы болғаны анық. Себебі, Джон Сноуды сомдайтын Кит Харингтонның қаламақысы - 500 мың АҚШ долларын құрайды екен. Ал, Старк әулетінің қыздары: Арья мен Санса 150 мың доллар көлемінде табыс көрген.

Мэйси Уильямс пен Софи Тернер, басты кейіпкерлер:

-Біз үшін соңғы эпизодтар қиын болды. Өйткені бір сахнаны 5 күн бойы түсіргеніміз есімде. Ең әсерлі кез ол, бір-бірімізбен қоштасқан сәт.

Көптен күткен телетуындының соңғы маусымының сюжет желісіне қатысты, табынушылары арасында түрлі болжам айтылуда. Ал жоба авторлары 7-ші бөлімнің аяғында, бір-біріне сезімі оянған Дейнерис Таргариен мен Джон Сноудың махаббат хикаясы жалғасын табады деп отыр.

Патша тағынан үміткер қос кейіпкердің ортақ сәбиі дүниеге келмек. Қаны бір Джон мен Дейнеристі енді түрлі қиындықтар күтіп тұр.

Жеті патшалықтың күш біріктіруіне себепкер атанған өлілердің басшысы, Старк әулетінің мұрагері Бранның өзі болса керек. Шытырман хикаяға толы сериалдың шешуші сәті 14-ші сәуірден басталып, 19-шы мамырда толық аяқталады.