Ерке Есмахан ұстаздарымен араз ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда Әуелбековамен татуласқан Баян мен Бағым, Ерке Есмаханмен қарым-қатынасын үзген. Бүгінде әнші бикеш ұстаздарына хабарласпайды, экс-продюсерлер де шәкіртіне қоңырау шалуға құлшынып отырған жоқ. Сонда қос тараптың сыйластығына сызат түскен бе?

«Қайда» хит болғалы, Еркенің есімі елге кеңінен танылғанымен, кезінде Ақтөбеден келген бейтаныс бұрымдыны сахнаға баптаған – Баян мен Бағым! Соңғы үш жылда Есмахан продюсерлерінен еншісін алып, жеке дара шыққан-ды. Содан бері ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасы да өзгерген.

Бағым Мұхитденова, музыкалық продюсер:

-Сөздің шыны керек, біз кездеспейміз. Құрбылар да емеспіз. Ерке бар болғаны біздің жобамыз. Кезінде де тек жұмысқа қатысты тақырыптарды талқыға салатынбыз. Мен оның музыкалық продюсері болдым. Сондықтан, біздің арамызда қазір қарым-қатынас жоқ! Оның өз өмірі бар, менің өз өмірім өзімде.

«Іңкәр» триосы – Есмаханды елге танытса да, Ерке топтағы қыздармен құрбы ретінде жақын араласпапты. Бұл жайында әнші бикешпен аталмыш гелзбендте өнер көрсеткен актриса Аида Жантілеуова ашып айтты.

Аида Жантілеуова, актриса:

-Қыздар жүрген жерде ренжісіп қаласың. Бір-біріміздің мінезімізді көтер алмай қалып жатамыз. Былайша айтқанда әрқайсымыз бір-бір үйдің еркесіміз ғой. Сондықтан мұңымызды, сырымызды айтатын сырттан болған дұрыс құрбының. Ол жаман болғаннан немесе мен нашар адам болғаннан емес. Оның жасы да менен кәдімгідей үлкен болды. Өзінің ортасы, өзінің құрбылары араласатын...

Аида әріптесі Еркенің дәл осындай жетістікке жететінін күні бұрын болжаған. Жантілеуова театр сахнасын таңдаса, Есмаханның жеке шығармашылығын шыңдау жолында жұлдызы жарқырады.

Аида Жантілеуова, актриса:

-Тік мінезділік дейміз ғой. Сол мінезінің арқасында, еңбегінің арқасында, дауысының үнінде бір ерекшелік бар. Солардың арқасында ол ерекшеленіп, қазір Ерке Есмахан болды! Жалпы топтағы әншілердің жеке кеткені, көп әншілердің бағын ашып жатыр.