Әйгілі Бонни мен Клайд есімді ұрыларға іздеу салынды. Дәл осындай тақырыппен «Netflix» кинокомпаниясы су жаңа картина ұсынбақ. Детективті фильмде басты рөлдерді сомдау – Вуди Харрельсон мен Кевин Костнерге бұйырған екен.
Аты аңызға айналған бұзақылар жайлы лентаны, ең бірінші болып тамашалау үшін көрермендер Мадрид қаласына жиналды. Туындыдан бұрын келген қонақтарды бас кейіпкерлер қызықтырғандай.
Талай фильмдерде бой көрсеткен Кевин Костнер болса, «Бонни мен Клайдтың ізімен» картинасы – мансабындағы ерекше жобаның бірі екендігін айтады.
Кевин Костнер, актер:
-Фильм шынайы оқиғаға негізделген. Біз тек Бонни мен Клайдтың хикаясын ғана емес, сол замандағы бұзақыларды құрықтау үшін барын салған агенттердің бастан кешкенін жеткіздік.
Криминалды туындының сценариі 15 жыл бойы түрлі киностудияларға ұсынылған деседі. Ақырында хикаяны «Netflix» қана қолға алған.
Шынайы оқиғаға негізделген режиссер Джон Ли Хэнкоктың фильмі – қос FBI агентінің бастан кешкенін суреттейді. Оларға 1934 жылы түрмеден қашып кеткен ұрыларды құрықтау операциясы тапсырылмақ.
Еске салсақ, Бонни мен Клайд туралы фильм, алғаш 1967 жылы таспаланған еді. Атыс-шабысқа толы су жаңа лента 29-шы мамырдан бастап жарық көреді.