«Шазам» фильмінің тұсаукесері

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәдина Сәдуақасованың тың туындысына, жуырда баға бере жатарсыздар. Киносүйер қауымға су жаңа «Шазам» фильмі жол тартпақ. Кезекті суперқаһарман жайлы лента, Лондон қаласында тұсаукесерін өткізді.

«DC Comics» студиясы мен режиссер Дэвид Сандберг ұсынған фильмнің

тұсаукесері ел есінде ұзақ сақталары анық. Бір қызығы, картинаны тамашалауға келген көрермендердің қатарында, кішкентай балақайлар да көп болған. Тіпті бүлдіршіндерге арнайы ойын алаңдары даярланған екен.

«DC-дің» суперқаһармандар жайлы жетінші туындысында басты рөлді сомдау – актер Закари Левиге бұйырған. Ол фильмде жасөспірім баланың образын, мүлтіксіз орындап шыққанына сенімді.

Закари Леви, актер:

– Бұл фильмнен кейін мен балаша қуануды үйгенгендеймін. Әсіресе ересек адамға, кішкентайдың кейіпіне ену қызық екен. Ең бастысы образым өзіме қатты ұнады!

Шытырман комедияда – 3000 жыл бұрын өмір сүрген сиқыршымен кездесетін, 14-жастағы Билли есімді балақайдың хикаясын баяндалған. Ол құдіретті «Шазам» сөзін айтып, батыр ержігітке айналу мүмкіндігіне ие болмақ.

Алайда алып күш Биллидің, жас балаша ойлау қабілетіне әсер етпейді. Бозбала суперқаһарманның образында жүрсе де, жеткіншектің әдеттерінен арылмаған. Фантастикалық лента, отандық көрермендерге сәуір айының 4-нен бастап жол тартады.