Отандық жұлдыздар болса, шетелдік әріптестеріне еліктеп жүр! Мәселен, шоу-бизнес өкілдері арасынан «вегетариа́ндар» табылды. Ал, танымалдар түгелдей «еттен» бас тартуға дайын ба?
Өнерпаздар арасынан «вегетариа́ндық» дәстүрді ұстанатындардың бірі - Линда Нығматулина. Актриса отбасымен бірге ет өнімдерінен түбегейлі бас тартқан. Алайда, Әсел Садуақасова әріптесінің бұл қылығына таңқалмайды.
Әсел Садуақасова, актриса, продюсер:
-Менің таныстарым оның ішінде танымалдар да жетерлік, көбісі еттен бас тартып, арнайы тамақтануға көшкен. Меніңше, мұндай қадамға бармас бұрын, мамандармен кеңескен жөн.
Сәдуақасованың өзі де тағамды талғап жейтіндер қатарынан. Әселдің күнделікті ас мәзірінде «ет өнімдеріне» мүлде орын жоқ.
Әсел Садуақасова, актриса, продюсер:
-Мен қызыл етті ұнатпаймын, және оны мүлде жемеймін. Бірақ тауық пен теңіз өнімдерін жақсы көремін.
Алайда, нәзік жандылардың тамақ таңдаудағы бұл әдеті, Олжас Абай үшін таңсықтау. Актер еттен бас тартпай-ақ, мінсіз мүсін мен мықты денсаулыққа қол жеткізуге болатынын алға тартады.
Олжас Абай, әнші, актер:
-Етсіз қазақ, қазақ па? Орнын білсең болды ғой. Жейтін кезде жесең, аз жесең, тренировка істеп тұрсаң, кез-келген кезде жеуге болады.
«Вегетариан» атанбақ түгілі, ет жемей өмір сүру әнші Бүркіттің ойына да келмеген.
Бүркіт, әнші:
-Ойбай-ау, қалай еттен бас тартасың, қазақпыз ғой! Қазы-қартадан қалай ол? Мен мысалы, жақында ғана Балиге демалысқа барып келгенбіз отбасымызбен бірге. Мен келе салып айттым сол күні үйдегілерге, ет асыңдар деп. Етсіз мен өмір сүре алмаймын ау, қиындау болады-ау.
«Қалай тамақтансаңыз да өз еркіңіз, ең бастысы дендеріңіз сау болсын» - деп, Бүркіт өз қорытындысын жасады.