Әлімбекованың мәселесі әлі де дауға ұласып жатыр. Бұл жолы Гауһардың қорғаушысы, аталған іске қатысты шикіліктердің шетін шығарған. Атышулы оқиғадағы апеллияциялық сот отырысы қалай өтті? Серікқазы Аязбаев сөйлейді!
Алаяқтығы үшін алты жылға айыпталған Әлімбекова, бұл жолы сот залына сенімді жайғасты. Өйткені, өнер иесінің ісіне бір емес үш қорғаушы білек сыбана кіріскен. Әнші бикештің өзі де алғашқы ұстанымын өзгертуге құлықты емес сияқты.
Гауһар Әлімбекова, әнші:
-Мен жәбірленуші – Бақыт Назаровадан кезінде әпке ретінде, дос ретінде араласты. Ол кісіден мен ешқашан ақша алған емеспін. Көрген де жоқпын. Мен оны 3 жылдан бері айтып келе жатырмын.
Гауһардың адвокаттары да әншіні айыптаған Назароваға наразы. Олар жәбірленуші тараптың бұл әрекетін жала деп топшылайды. Қорғаушы Абзал Құспан, бүгін тағы бір мәрте байқапты.
Абзал Құспан, Г. Әлімбекованың адвокаты:
-Ол жала біріншіден. Сөзсіз жала! Екіншіден Гауһардың өзі пәтерден алданып отыр. Оны жәбірленушінің өзі айтып қойды. Ол да алдында негізі алданды деп өзі айтып отыр. Қайта-қайта судьялар сұрап отыр.
Уәжін жеткізуге келген жәбірленуші Бақыт Назарова, құзырлы органдардың тарапынан олқылықтарды аңғарғанын айтады. Алғашқыда Гауһарға 8 жыл үкім сұраған прокурорлардың, жүрегі жылып қалған секілді. Олар бүгінгі сот отырысында Әлімбекованың жазасын бақандай 5 жылға азайтты.
Бақыт Назарова, жәбірленуші:
-Прокурор заңсыз түрде өзінің шешімін, ешбір себепсіз өзгертіп шыға келді. Құбылып шыға келді деп айтамыз ғой. Себебі, оларға бір қысым түскен болу керек.
40 мың доллардың жырына бұл жолы да нүкте қойылған жоқ. Өйткені, қос экс-құрбы өзара әзірге түсінісе алар емес. Енді Гауһарды тығырыққа тіреген мәселе, келесі айда қайта жалғасып таппақ!
Нұрғазы Әбдіқанов, Алматы қалалық сотының төрағасы:
-Келесі сот тергеуі, мәжілісі – 2-ші сәуір, 2019-жыл, сағат 15:15-де тағайындаймыз!