«Қарабері» бағдарламасы – ең үздік!

Сообщить о проблеме с эфиром

НТК арнасында кью-поп өкілдері бәске түскен «Qara Beri» бағдарламасы «ең үздік» атанды! Туынды отандық телевизия саласының маңызды марапаты - «Тұмарды» еншілеген еді. Ал, аталмыш жоба жеңімпазы – Нейтрон, дәл қазір не істеп жүр?

НТК тапсырысымен таспаланған жобаның идеясы – «Найнти уандық» ZaQ пен A.Z-ге тиесілі. Сондықтан, «Қарабері» бағдарламасының «Үздік ойын-сауық жоба» жүлдесін иемденуі мемберлерді де бейжай қалдырмады.

ZaQ, «Ninety one» тобының мембері:

-Сол жерде жұмыс істеп жүрген адамдарға, алғысымызды білдіреміз! «НТК» арнасына алғысымызды білдіреміз! Ол жерде адам көп болды. Қатысушыларға да көп рахмет. Негізінде біздің хип-хоп комьнитиге, ол нәрсе қажет деп ойлаймын.

Жүздеген қатысушы арасынан оза ашуып, аталмыш хип-хоп батлда үздік атану – Нейтронға бұйырған еді. Жоба шарты бойынша, жас жігіт «Juz» интертейментпен келісімшартқа отырды.

NE1TRON, хип-хоп орындаушы:

-Мүмкіндіктер көбейді, қол ұзарды. Былай атмосферасы бәрі күшті керемет. Бәрі қонақжайлы, жақсы қарсы алды.

Қолдаудың арқасында шалқар шабыт алған Нейтрон, бір айдың ішінде 20-ға жуық ән жазып үлгерген. Ендігі кезек – бейнебаянда.

NE1TRON, хип-хоп орындаушы:

-Біз қазір сол бағытта жұмыс жасаудамыз. Мен әзірге материалдарды жинап-жинап, кейіннен Ерболат аға екеуіміз ақылдаса отырып, жаңа әндер, жаңа клиптер болады.

Ерболат Беделхан мен Нейтрон ресми түрде бір жылдай шығармашылық байланыс жасайды. Осы уақыт аясында «Найнти уанмен» салыстырғанда, жас рэперге шектеулер қойылмаған. Мұндай еркіндік – өсуіме себеп болады дейді әнші.