«I Can See Your Voice» арқылы – Кореялық көрерменнің жүрегін жаулаған «Найнти уан», сапардан алған әсерлерімен бөлісті! Сөйтсек, мемберлер шетелдік шоуда мүлде жеңіске жетуді қаламаған екен. Неліктен? Жауабын тілшіміз Мадина Дәулетқызы біліп көрді.
«Ninety one» тобы:
-Біз ойлағанбыз, шоудың соңына дейін жетпесек күшті болушы еді деп. Өйткені, өзіміздің өлеңімізді айта аламыз деп. Ал, сонда жеңетін болсақ, тек сол қонақпен бірге ғана өлең айтамыз деп ойладық. Бірақ, шоу бізге өзіміздің әнімізді орындауға мүмкіндік берді.
Осылайша корейлік көрермен алдында «Айыптама» әнін шырқаған жігіттер, шоуға қатысты түрлі қызықтардың шетін шығарды. Мәселен, кешке сәнді образдарды әзірлеудің өзі - бір бөлек әңгіме.
«Ninety one» тобы:
-Шоуымызға киім керек болған кезде, Алматыға тез арада хабарласып, «бізге киім керек Бибота, киім тез жібер» деп, ол салып жіберді бізге. Шоуға екі күн қалған кезде киімдер келді. Киімдерді үтіктеп алып, дайындалып дегендей шыға қалдық.
«Найнти уандықтардың» дәл осылай бар ыждаһатын салуы, «Мелон» сынды корейлік ән платформасының көшін бастауға ықпал болды. Алайда, осындай ыстық ықыласқа қарамастан, меберлер шет елге көшіп кетуге әлі әзір емес.
«Ninety one» тобы:
-Оңтүстік Корея елінде сиырдың еті қымбат па?! Сосын ол аз болады екен сол жақта. Біз деген күнде сол сиырдың, қойдың етін бешпармақтан көп қып, жеп үйреніп қалғанбызғой. Сол 1-2 аптадан кейін, сол еттерді сағынып бастадым мен.
Сондықтан, кью-поп өкілдері шығармашылығын Қазақстанда шыңдап-ақ, өзге елдердің саxнасын бағындыра беруге ниетті. Ендігі мақсат, «Дофамин» альбомының екінші бөлімін тыңдарманға ұсыну дейді жігіттер.