«Ninety one-ның» бәсекесінен қорыққан болуы керек, корейлік кей-поп өкілдері қызу жұмысқа кірісуде! Мәселен, «Black Pink» мүшесі Ян Хёнсок, желі арқылы жуық арада «камбэк» жасайтындарын жеткізді!
Танымал гелзбенд сәуірдің басында су жаңа әнжинағын ұсынбақ. Тіпті, арулар тың туындының тұсаукесерін, уақытынан кешіктірмейміз деп те сөз беруде. Одан өзге, «Black Pink» ұжымы АҚШ-та өтетін ең ауқымды Coachella фестивалінің «хедлайнері» атанады. Еске салсақ, олар аталмыш шарада өнер көрсететін алғашқы корейлік топ болмақ.