«Juzim» тобыны жаңа клипі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық q-pop жанрын насихаттап жүрген «Juzim» тобы, екінші бейнебаян түсіріліміне кірісіп кетті . Гелзбендттің кезекті туындысын атышулы продюсер, әрі режиссер - Ерболат Беделханның өзі қолға алыпты. Толығырақ тілшіміз баяндайды.

«Juzim» тобы кезекті клипіне, өз қоржынындағы «Бағынбаймын» трегін арқау еткен. Қаңтар айында жарық көрген ән, бүгінде «Demim» (фандом атауы) фанаттары арасында хитке айналып үлгерді. Ұжымдағы сұлулар аталмыш туындының астарында – терең ой жатқанына сенімді.

Juzim тобы:

-Негізінде «Бағынбаймын» әні ол сырттан ғана әсер емес. Ол іштегі әсер де болуы мүмкін. Өзінің бір таптаурындарын немесе де өзінің іштей бір ұстанымдарын, өзіне қойған бір блок деп айтамыз ғой, сондайға өзін позивтивті түрде мен бағынбаймын деп айтасың.

Асыл Айдар жетекшілік ететін гелзбендтің бұл бейнебаянында, «Juzim» табынушыларының да үлесі бар. Арнайы флешмобтың аясында клипке түсу құрметіне ие болған жанкүйерлер, өзара би жарысын ұйымдастырған еді.

Juzim тобы:

-Бізбен жеке дайындық ол көп уақыт алмады. Көбінесе біздің хореграф Асия ханыммен, көбінесе сол дайындық болды. Былай олар таңдап алынды, таңдап алынған соң, би иекемі бар. Сондықтан, олар жаңағыдай жаттап алған, сондықтан олармен өте оңай болды.

Q-pop ұжымының екінші бейнебаяны да өзгеше болмақ. Қыздар әсіресе образдарына аса назар аударып, ашық-жарқын стильмен елді сүйсіндірмек ниетте. Топ арулары өзінің дебьюттық «Таңдау» туындысында жіберген қателіктерін қайталамауға бекініпті.

Juzim тобы:

-Бұл мүлде бөлек. Біздің образдарымыз қатты өзгерді, көріп тұрғаныңыздай. Шаштарымыздың түсі бәрімізде әр түрлі. Енді әннің атауы, өзі айтып тұр «бағынбаймын» деп. Сондықтан келгенде біз образға мүлдем шектеуге жоқ деп ойладық.

«Juzim-нің» «Бағынбаймын» атты жаңа жұмысына жуырда баға бере аласыздар.