Отандық әншілер болса, музыка саласында ғана емес кино арқылы да танылуға ниетті! Кәсіби актерлардан еш жеріміз кем емес дейтін орындаушылар, өздерін режиссерлар қауымының елемейтінін айтады. Сонымен фильмдерге түсуге құмартып жүргендер кім?
Түсірілім алаңына жете алмай жүрген жанның бірі – Ғаділбек Жаңай. Тыңдарманға тың туындыны ұсынуды сиреткен ол, енді актер ретінде танылмақ ниетте. Арманы – тарихи картиналарда төбе көрсету.
Ғаділбек Жаңай, әнші:
-Бір мағыналы киноға түскім келеді. Мағынасы бар, бір пайда беретін, сондай. Мен кәдімгідей барғым келеді, киноға түскім келеді. Киноға шақырыңдаршы мені!
Жан айқайын жеткізген Ғаділбекпен салыстырғанда, «экс-Джейрандық» Фаризаның «киноға түскім келеді» деген өтініші режиссерлардың құлағына жеткендей.
Фариза Ескермес, «Jayrun» тобының экс-әншісі:
-Кастингтер көп. Көп кастингтерге шақырады. Барлық кастингтер көктемде басталады көбінесе. Сондықтан да уже шақырып жатыр кастингке.
Актер атану арманы екенін алға тартқан Кентал болса, картинаға шақыртуды көп күтуге құлықсыз. Ешкім елеп-ескермесе, фильмді өзім таспалауға кірісемін дейді ол.
Кентал, әнші:
-Әрине, әзірге киноға өзім түсемін. Сосын біраздан кейін, өзім түсіремін ондай жоспар бар. Білмеймін, комедия, драма, мелодарам деген фильмдерді жақсы көремін. Боевикті енді білмеймін.
Әли Оқаповтың кино саласында аздап тәжірибесі бар. Басты рөл болмаса да, актер ретінде бағын сынап көрген әншіге жаңа мансап майдай жаққандай.
Әли Оқапов, әнші:
-Джонни Деппта «Оскар» жоқ. Бірақ, Джеми Фокста бар. Уилл Смитт, Хью Джекман. Барлығы да араласып кетті. Сондықтан, актерлар ойнау керек, әншілер ән айту керек деген сөзбен келіспеймін. Менің ойымша, барлығымыз да өнердің адамымыз, сондықтан қолыңнан келсе сен неге айналыспасқа дегендей.
Оқаповтың нанымды бұл сөздері, әншілерді менсенбей жүрген режиссерларды аз да болса ойланыруы тиіс!